«Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында» кезекті премьера! Өнер ордасы күні кеше «Жан әке. Қазағым қайда барасың?» атты драманың тұсауын кесті. Туынды көрнекті француз жазушысы-драматург Флориан Зеллердің шығармасы желісінде қазақ сахнасына лайықталып жазылған.
Пьессада басты рөлді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады. Кино және театр актері қойылымның сахналық нұсқасын өзі жасаған.
Болат Әбділманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Бұл енді біздің жастарымыздың қазіргі, мынау әр түрлі кішкене құндылықтардың өзгеріп кеткені. Қазіргі қазақ еліндегі біздің елімізде болып жатқан қаншама, мынау қыздарымыздың жат жұрттықтарға кетіп жатқаны, балаларымыздың армияға бармай әскерден қашып жүргені.
«Жан әке» драмасы қоғамдағы түрлі мәселелерді сөз еткен. Соның бірі – ата-ана мен бала қарым-қатынасы. Бұл ретте, бас кейіпкер ақсақалдың қызын сомдау актриса Майра Абсадыковаға бұйырған.
Майра Абсадыкова, актриса:
Бұл арқылы қыздарға керісінше, осындай жағдайды, осындай тағдырды қайталамаңыздар. Әке-шешеге мейірімді болыңыздар, қартайған ата-анаға мейірімділік көрсет, оны еш уақытта тастап кетпеу керек, сені кішкентай кезінен бағып қағып өсірген ата-анаға енді сенің кезегің келді.
Қоғамға күрделі ой тастауды мақсат еткен қойылымның қоюшы-режиссері Асыл Құдайбергенов. Спектальдің тізгінін өз қолына алған маман Француз елінің шығармасын қазақ сахнасына бейімдеуде қорқыныш болғанын жасырмады.
Асыл Құдайбергенов, қоюшы-режиссер:
Мына спектакльдің ерекшелігі – мұның тақырыбында.-*01:48 Ол әрине адами тақырыптар, ол адами тақырыптың ішіндегі жаңағы қариялардың өмірі. *01:59 Біздің енді жасыратын ештеңесі жоқ, біздің қоғамымызда көптеген проблема өте көп. *03:15 Бұл тақырып өз орнын табады деп ойлаймын енді, бұл жаңағы қоғамға ой тастай алса.
Болат Әбділманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Мынау біздің Алматы қаласының әкімдігі мәдениет басқармасы ақпараттық қолдау көрсетіп бүкіл қала бойынша барлық жерде қолдау көрсетіп жатыр алғысымды айтамын.
Интригага толы психологиялық драманы ендігі кезекте әкем театрдан 17-қаңтар күні көре аласыз.