Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында премьера! Биылғы маусымда көрерменге есігін қайта ашқан өнер ордасы жаңа спекталь сахналады.
Галина Ефимова, режиссер:
Удивительный сюжет... Спектакль желісі өте қызықты әрі қарапайым. Повестті оқыған соң, бірден көрерменге сахна арқылы ұсынғым келді. Бірақ, пьесасы болмады. Маған, өзің жаз деген ұсыныс айтылды. Әрине, жазушы емеспін, бірақ бұрын мұндай тәжірибем болған соң іске кірістім.
Спектакльдің негізгі кейіпкерлері иесі тастап кеткен иттер. Туындыда адам баласына адал жеті қазынаның бірінің - ішкі сезімі, байырғы өміріне сағынышы көрсетіледі. Галина Ефимова рөлдерді актерлардың болмысымен орайластыра жазған екен.
Мақсат Сахиұлы, актер:
Спектакль о любви... Кейде пенденің бойынан да табыла бермейтін махаббат, адалдық тақырыптары қозғалады. Мен төбелеске шығатын иттің рөлін сомдадым. Бір жарыстан жеңілген соң иесі тастап кетеді. Содан кейін, адамдарға кек пайда болады. Бірақ, іштей өзінің егесін бәрібір жақсы көреді. Ит адамның досы деп бекер айтпайды ғой.
Мақсат Сахиұлы, актер: Спектакль о любви... Кейде пенденің бойынан да табыла бермейтін махаббат, адалдық тақырыптары қозғалады. Мен төбелеске шығатын иттің рөлін сомдадым. Бір жарыстан жеңілген соң иесі тастап кетеді. Содан кейін, адамдарға кек пайда болады. Бірақ, іштей өзінің егесін бәрібір жақсы көреді. Ит адамның досы деп бекер айтпайды ғой.