Гүлдана Мұқан, тілші:
- Қазақ киноиндустриясындағы ең қымбат актерлар Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Нұрлан Әлімжан бүгін бір сахнада. Өнер өкілдерінің продюсерлерге қояр талабы жетерлік. Олар үшін гонорар, кино алаңында актерларға жасалатын жағдай қандай болуы керек? Бүгінгі «Ұлы Дала Таңы» фильмінің жабық көрсетілімінде анықтаймыз.
- Бүгінгі кеш арқылы тарихқа көз жүгіртуге болады. Себебі туынды Қасым ханның билік еткен жылдары жайында, ал мен сізге премьераның барлық атмосферасын көрсетуге тырысамын.
- Кештің басты жұлдызы - Берік Айтжанов. Топ актер негізі журналистерге сұхбат бере бермейді. Дегенмен, мен қазір тырысып көремін. Айта кетейін, туындыда актер Қасым ханның ересек кезін сомдайды.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Премьера құтты болсын! Енді бүгін сізге қол жеткізу өте қиынға соқты, бірақ дегенмен, рақмет уақыт бөлгеніңізге. Туындыда енді ат үстінде жүрдіңіз, төрт айға созылды деп жатыр түсірілім қиынға соқпады ма?
Берік Айтжанов, кино және театр актері:
- Біраз тәжірибе жиналды. Бұл фильмнің жастарға деген берер тағылымы, мәнісі өте зор. Мына батыр бабаларымыздың елін, жерін қорғағандағы елдігі, бірлігі, ерлігі, мына жастарды өскелең ұрпақты бір патриоттық рухқа үндейтін сияқты.
- Сізді ең қымбат актерлар санатына жатқызады сол қаншалықты рас па?
- Білмеймін енді елдер ең қымбат актер десе, айта берсін, мен қарсы емеспін.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Тарихи экшн драманың режиссері Ақан Сатаев. Әр туындысына баласындай қарайтын киногер лентаны бірнеше жыл бойы таспалаған. Ақан Сатаев не себепті тек тарихи драмалар таспалайды. Өзінен сұрап білейік.
- Ақан аға кезекті тұсаукесер құтты болсын!
Ақан Сатаев, режиссер:
- Әмин, рақмет.
- Бүгін премьера бір ауыр жүк түсіп, уф деп жатқан шығарсыз?
- Иә, үлкен жауапкершілік, біз жақсы кино жасауға тырыстық, сондықтан да көрерменнің көңілінен шығады деген үміттемін.
- «Ұлы Дала Таңы» енді ауқымды жоба болды, соңғы түсірілім алаңында тіпті 300 адамға дейін атсалысыпты оның 50-і каскадерлар болса, 250-і шабандоз, қиын емес пе ондай сахналарды түсіру?
- Әрине, ол оңай дүние емес, бірақ та бұл менің жұмысым, сүйікті жұмысым сондықтан, маған өте қызық.
- Басты рөлде Берік Айтжанов, не себепті ол кісіге таңдау түсті?
- Берік Айтжанов мұндай үлкен тарихи тұлғаларды сомдаған жоқ, бұған дейін, авторлық тобымыз Берікті басты рөлге солай бекіттік.
- Көп қойылатын сұрақтардың бірі, Ақан аға неге тек тарихи драмалдарды таспалайды деген.
- Негізі, былай қарасаң, бүгінгі күн - ертеңгі тарих қой.
- Ауқымды жобаларға ауқымды гонорар кетеді, қанша бюджет бөлінді?
- 3,8 млрд теңге бөлінді. Оның 3-ке жуығын біздер игердік.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Бүгінгі кеште Нұрлам Әлімжановты байқап қалдық, топ актер туында Мұхаммед Шайбанидің образын сомдайды. Еске салсақ, Нұрлан аға тек қана Ақан Сатаевтың киноларында бой көрсетеді. Ал, не себепті өзінен білейік, себебі Нұрлан аға осы жаққа кіріп кетіпті, қазір тауып аламыз.
- Не себепті Ақан ағаның туындыларынан көреміз сізді?
Нұрлан Әлімжанов, актер:
- Жалпы Ақан ағамыз ол, біздің мен айтар болсам, біздің қазақтың маңдайына біткен, үлкен режиссер.
- Енді туынды үшін қандай құрбандыққа бардыңыз? Біле білсек, сіз бір туынды үшін арықтаған едіңіз.
- Бұл жолы мен арықтаған жоқпын, бұл жолы толып кеттім қатты. 15 кг қостық. Арық хан деген жоқ қой енді.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Туындыда кімді сомдайсыз? Қалай тап болдыңыз бұл фильмге?
Асхат Үрпеков, актер:
- Мен туындыда Қараштың Баһадүр деген Шайбанның главный қолбасшысы рөлінде ойнадық.
- Арнайын шақырту болды ма, әлде кастинг?
- Иә, арнайы шақырту болды, кастинг болды.
- Тарихи драма немесе комедия?
- Ммммммм десең иә.... тарихи драма.
- Енді Ақан аға ең танымал режиссерлардың бірі, ортақ жұмыс істеу қалай екен?
- Өте керемет, ағайдың енді білімділігі, актерға деген подход, жұмыс жасауы, өте керемет.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Біз кино алаңында 2500 мың актер, 2000-ға жуық шығармашылық топ атсалысқан Ұлы дала таңын жаңа ғана көріп шықтық. 3 миллиард жұмсалып түсірілген тарихи картинаның қалай шыққанын білгіңіз келсе, 3 мың теңгеңізді қиып кинотеатрға келіңіз