Сымбат Сағындық, тілші:
- Алматыдағы «Орталық алаң» бүгін де жанкүйерлерге толы. Себебі дәл қазір AFC Кairat пен FC Аlatau арасында футболдан шоу-матч басталады. Көрейік.
Әртістерден құралған «Алатау» құрамасының жартылай қорғаушысы – Тәуекел Мүслім. Ойын алдында қобалжудың басым екенін айтады. «Десе де дайындық тыңғылықты өтті», - дейді ол.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Жалпы «Алатау» құрамасында өнер көрсетуге ұсынысты кім тастады?
Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші:
- Негізі мен Алатауға келгеніме бір 5 жылдай болып қалды. Тастаған да сол өнердегі бауырларым. Осы естіген болатынмын: әртістерден құралған құрама бар, футбол ойнайды деп. Өзімнің бала арманым футболист болу. Сол себептен бірден осы нәрсеге қызығып, осы құрамаға кіргім келді. Жақсы ойын көрсетеміз деген ойдамыз. Барын саламыз, жігіттер дайындалды. Соңғы аптада күнде дайындалды.
Матчқа асқан жауапкершілікпен қарағандардың бірі белгілі продюсер – Ерлан Алимов. Ерлан ауырып тұрғанына қарамастан, алаңға шығуға әзір екенін айтады.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Ойынға настрой қалай?
Ерлан Алимов, продюсер:
- Жақсы, керемет.
- Тамағыңызға қарасам, дауысыңызға қарасам қарлығып тұр. Ауырып тұрсыз ба?
- Қатты дайындалған сияқтымын. Бізде жас буынымыз бар да. Тренировканың барысында айғайлаған сияқтымын соларға. Содан дауысым жоқ болып кетті.
Ал «Алатауды» вице-капитаны Аян Бірбаев әріптестеріне сенетінін айтады. Ринголық әнші, команда құрылғалы құрамада ойнап жүргенін жеткізді.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Аян қай позицияда ойнайсыз?
Аян Бірбаев, «Ringo» тобының әншісі:
- Біз жартылай қорғаушымыз. Өте маңызды бір позициялардың бірі. Өйткені жартылай қорғаушы деген ол, шабуылда да көмектеседі және артқа қайтып қорғаныста да көмектеседі.
- Матчқа қанша уақыт дайындалдыңыздар?
- Матчқа екі айдай. Хабар жеткеннен бері, екі айдай дайындалдық. Бірақ бізді білесіздер ғой, «Алатау» командасы 2010-нан бері бар да. Аптасына екі рет жаттығуларымыз бар. Соңғы екі ай, күнделікті тренировка болып кетті. Ал былай аптасына екі күн өзіміздің жаттығуларымыз бар.
Ал кәсіби футзалдан «Қайрат» құрамасы болса, тіптен қобалжып жүргендерін айтты. «Бірақ бүгін көптен бергі армандарымыздың бірі орындалатын күн. Үлкен алаңда ойнаймыз», - дейді өздері.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Лео, ойынға дайындық қалай?
Leo Higuita, AFC Кairat құрамасының қақпашысы:
- Жақсы, жақсы. Спасибо. Бүгін әдемі ойын көрсетеміз деген ойдамын. Ең бастысы көтеріңкі көңіл-күй ғой.
- Енді футболшыларда бір түйсік болады ғой бір есеп осындайда, осындай болады деген сияқты. Сізде қалай?
- Надеюсь что будет много голов. Гол көп болады деп үміттенеміз. Себебі гол деген кез келген матчтың әсерлі сәті ғой. Кем дегенде 10 гол соғылып, есеп 5-те 5 болып, тең деңгейде бітеді деген ойдамын.
Біржан Оразов, «AFC Kairat» құрамасының ойыншысы:
- Біз мынандай поляда өмірімізде бірінші рет ойнағалы тұрмыз. Счетты енді ойынға байланысты көреміз.
- Бүгін енді «Үздік бомбардир» гол салатын шығар?
- Білмеймін енді. Өзім защитада ойнаймын.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Футзалдан кейін осындай үлкен алаңда ойнау қаншалықты оңай-қиын болуы мүмкін?
Дәурен Тұрсағұлов, «AFC Kairat» құрамасының ойыншысы:
- Өте қиын деп ойлаймын. Өйткені біз бұндай поляда вообще ойнап көрмегенбіз. Бұл енді арманымыз болатын. Басында үлкен футбол ойнағымыз келген ғой.
- Бүгін сен қай позициядасың?
- Мен ортада.
- Қазір бірер минуттан кейін ойын басталатын болады. Командаларға сәттілік!
Сымбат Сағындық, тілші:
- Дәл қазір бірінші тайм аяқталды. Есеп әзірге 4-2. Қайрат құрамасының еншісінде. Мына жерде бірталай жанкүйерлерді көріп тұрмыз. Қай құрамаға жанкүйерлік етіп жатыр екен? Өздерінен сұрап білейік.
- Қай құрамаға жанкүйерсіз?
- Қайрат.
- Сіз де Қайрат құрамасына жанкүйерсіз бе?
- Иә, Қайраттың.
- Қайрат құрамасы ұнайды маған.
- Кімге жанкүйерсіңдер?
- За Фк Алатау.
- Именно за кого болеете?
- За Секу.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Біздің жанымызда Еркебұлан Тоқтар. Матчқа кешігіп келді. Екінші тайм басталып кетті. Кімге жанкүйерсің деп сұрақ қойған дұрыс болмайтын шығар?
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Әртістерге әрине. Әртістер мен төбелескенде маған жанкүйер болады. Сол сияқты мен де оларға жанкүйер боламын.
- Бүгін әрине біздің әншілерге.
Екінші тайм есеп теңестіруге таптырмас мүмкіндік болды. Дегенмен Алатау құрамасы 5-4 болып, Қайратқа есе жіберді.
Сымбат Сағындық, тілші:
- Осымен Қайрат пен Алатау арасындағы шоу-матч аяқталды. Қайрат құрамасы жеңіске жетті. Жігіттерді шын жүректен құттықтаймыз. Жеңісті күндерде жүздескенше!