Гүлдана Мұқан, тілші:
- Мен дәл қазір сахна сыртындамын. Труппа «Қан мен тер. Ақбала» қойылымына қызу дайындық үстінде. Актерлар спектакльге дейін сұхбат бермейді екен. Себебі, қанша рет сахнаға шықса да, қобалжитын көрінеді.
- Дәл қазір труппа спектакльге дайындық үстінде. Біз өз кезегімізде еш кедергі жасамай, қойылымды көрерменмен бірге тамашалайық.
«Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында» 96-шы маусым өз шымылдығын түрді! Өнер ордасы осыған орай «Қан мен Тер. Ақбала» спектакльінің тұсауын кесті. Трагедия жанрында ұсынылған қойылымда Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина және жас актер Әлихан Лепесбаев басты рөлді сомдайды.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Әлихан қайырлы күн, премьерамен құттықтаймын! Енді спектакль алдында қобалжып тұрсыз ба?
Әлихан Лепесбаев, актер:
- Қобалжу бар. Қобалжу әр кезде болады, сахнаға шығардың алдыңда, міндетті түрде қобалжу болады.
- Қобалжумен уайыммен қалай күресесіз?
- Барынша енді мейілінше өткенімізді дайындығымызды қайтадан түгел толығымен қайталап шығамыз ғой.
- «Қан мен тер» қойылымында неігізі үш басты кейіпкердің бірісіз, рөлге қалай таңдалдыңыз?
- Бұл рөлге түскенде тіс қаққан актерлар мен актрисалармен түстім. Енді жас буынбыз, бірақ барымызды салдық.
- Майталман актерлармен бір сахнада бой көрсетуге қорқыныш жоқ па?
- Қорқыныш бар ғой енді, әр кезде болады. Қорқынышсыз болмайды. Қорқыныш жоқ кезде ол актер үшін, меніңше өте жаман, дұрыс емес деп ойлаймын.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Бірер минуттан кейін мына бос зал, көрерменге лық толмақ. Ал, «Қан мен тер. Ақбала» қойылымы трагедия жанрында. Онда адамзаттық құндылықтарға, кейіпкерлердің жеке қарым-қатынастарына аса назар аударылады. Еске салсақ, туынды 1974 жылы режиссер Әзербайжан Мәмбетов қойған спектакльдің ремейгі болып саналады.
- Қойылым аяқталды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көрерменнің қошеметі ерекше. Спектакль өте қатты ұнағаны көрініп тұр. Ал, біз актерлармен тілдесіп келейік.
- Назгүл ханым, қайырлы кеш. Спектакльмен құттықтаймын! Енді алған әсеріңіз қалай болды?
Назгүл Қарабалина, актриса:
- Енді әсер негізі көрерменде ғой, біздікі сол көрерменге әсер сыйлау ғой. Бірақ жаңа ғана айтып жатырмыз, бұл енді ұлы шығарма.
- Актерларды премьера басталмай тұрып мазалауға болмайды деп жатады. Не себепті?
- Себебі актерлар толық жинақталып тұрады, бүкіл жаңағы текст деп айтады ғой енді, ол текст емес, жаңағы ішін жинап тұрады. Қазір сол екі сағаттың ішінде адамның бәлен жылғы өмірін беру керек. Сондықтан да артық бір адам келіп, сөйлесіп жаңағы басқа әңгімелерге бөліп жатса, ол біздерге үлкен кедергі келтіреді.
- Актерлар сахнаға шығар алдында бір ырымдайды деп жатады, оң аяғымен аттайды дейді, немесе дұғада болады дейді, өзіңіздің бір ырымдарыңыз бар ма?
- Мен әрқашан сахнаға аттап шығар алдында, бір сахнаны оң аяғыммен, аттау ол міндетті түрде одан кейін сахнаны еңкейіп, бір қолыммен сипап шығамын. Одан кейін міндетті түрде сахнаға спектакль басталарда үшінші звонокта міндетті түрде сүре оқимын.
- Сахнада Азамат ағамен бірге ойнадыңыз, жарыңызбен бір сахнада төбе көрсету қиын ба, оңай ма?
- Жоқ, қиын емес, оңай да емес. Себебі оңай емес дейтінім, сүйген жарың болғаннан кейін, жан-жарың болғанан кейін, оған қашанда уайымдап тұрасың. Ол дұрыс шықса екен, жаңа сахнаның артына екеуміз айналып жүгірер жерде айтып жатырмын, тайып кетпе сахна су деп. Сондай сәттер болады, ал енді қиын дейтіні, Азамат ол үлкен актер, соған сай болуды уайымдайсың.
Премьераны шоу-бизнес өкілдері де тамашалауға келген-ді. Мәселен, Нұрболат Абдулин жарымен, Кәмшат Жолдыбаева өзінің құрбысымен қонақтар қатарында болды.
Азамат Сатыбалды, актер:
- Премьера ол қашан да театр үшін мереке, актер үшін де мереке. Өйткені, қанша ай жұмыс істедік осы рөлмен, осы спектакльмен, режиссермен бірге, қоян қолтық.
- Академияның ректорысыз, театрдасыз, барлығына уақытты қайдан табасыз?
- Табасың уақыт. Өйткені, өзіңе байланысты ол, шекараны шектеу керек, бос тірлікпен көп айналыспай. Бос уақытты көп өткізбеймін, мүмкіндігінше сол академияда боламын, мүмкіндігінше осы театрда боламын.
- Ал, кинодан қашан көреміз?
- Құдай амандығын берсе, былтырғы Мұқағалиден кейін, екінші үлкен рөл. Ғалым Доскен ағамыздың идеясы бойынша, «Соңғы үкім» деген кино бастадық. Ол ұлы ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы. Сол съемканы осы мамыр айының аяғында бастаймыз. Күзде Ахмет бабамыздың, 150 жылдығына арнайы сол кино жарыққа шығатын болады.
- Ал, өзіңіз фильм таспалау ойыңызда жоқ па?
- Жоқ, мен енді, режиссер емеспін, мен актермін сондықтан да режиссура ол бөлек мамандық, режиссер ол бөлек берілетін қасиет. Сондықтан мен оған әлі дайын емеспін деп ойлаймын.
Режиссер Аридаш Оспанбаева қойған туындының сюжет желісі Ақбала, Еламан және Тәңірберген арасындағы махаббат үштігі жайында. Одан өзге спектакльде халықтың әлеуметтік тағдыры да көрсетіледі.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Өздеріңіз байқағандарыңыздай, театрдың атмосферасы өте ерекше. Мұндағы вайбты сезіну үшін құрметті көрермен өнер ордасына келіңіздер!