Гүлдана Мұқан, тілші:
- Мына шағын ғана офисте кино түсіріліп жатыр, сондықтан шулауға болмайды. Мұнда біз байқағанымыздай топовый актерлардың барлығы жүр. Қандай кино түсіріліп жатыр, барлығын қазір анықтайтын боламыз.
Иісбек Әбілмәжінов, Дәурен Серғазин, Қайрат Әділгерей, Жахан Отарғалиев бастаған актерлер қауымы бір түсірілім алаңында кездесті. Еліміздің сұраныстағы киногерлері «Мой парень инопланетянин» атты фильмге арнайы шақырту алған. Туынды фантастикалық комедия жанрында болмақ.
- Түсірілім алаңында жиі көретін болдық сізді, сізге деген сұраныс қайдан артып жатыр?
Дәурен Серғазин, кино және театр актері:
- Көп сұранысқа ие емеспін енді, аз-маз енді мамандығымыз болғаннан кейін, анда-санда киноға шақырып тұрады.
- Бұл жолы ерекше жанр, фантастикалық комедия деп жатыр. Қалай тап болдыңыз, кімді ойнайсыз?
- Әлі бізде дамымаған жанрдың бірі, жаңадан өзіме де сол, қызық болып тұр сценарий барысы.
- Фильмде ғарыштан келесіз бе, әлде жерден бе?
- Жоқ, ғарыштан келмеймін, ғаламшарлыққа аса ұқсамайтын болуым керек. Қарапайым осы сол ғаламшарлықтарға қатты сенетін, соларға қатты қызығатын, солармен бірге селфи жасағысы келіп жүрген кейіпкерді сомдаймын.
Десе де, фильмдегі негізгі басты рөл кәсіби актерлерге емес, Бауыржан Сатовқа бұйырған. Тележүргізуші өзге ғаламшарлық жігітті сомдайды.
Бауыржан Сатов, актер:
- Қаншама мықты-мықты актерлар жиналған, арасына мен келіп, жоғалып қалдым да. Сол үшін адамдардың деңгейіне сай болу үшін, мен енді біраз тырысуым керек.
- Ерекше сезімде шығарсыз, себебі бұрын айтушы едіңіз, басты рөлде көп ойнай бермеймін деп.
- Мен қуанғанда қуанышымды көрсете алмаймын да, өйткені қуаныш көп те, шығара алмаймын да, бір сөзбен айтқанда иә ерекше сезімдердің бірі ғой.
- Кімді сомдайсыз?
- Киноның идеясын жалпы мен айта алмаймын, бірақ басты рөлдердің бірі.
Бауыржан Сатов үшін ғана емес, Жұлдыз Өмірғали үшін де үлкен кинодағы дебют. Актриса комедияда Шолпан есімді қызды сомдайды.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
- Бұл жерде басқа амплуада өнер көрсетемін, фильмнің жанры да ерекше болайын деп тұр сол себепті, ауыртпашылығы да көбірек сияқты.
- Командада кәсіби актерларды көріп тұрмын, олармен бір алаңда бой көрсету қаншалықты қиын?
- Енді бірінші екінші күннен кейін менің ойымша, қорқыныш сейіліп, ары қарай бәріміз адамбыз ғой, актердың статусына қарай қатты өзіне бір жұлдыз болып санамайды деген ойдамын. Қарапайым жандар енді білмей жатқан жерлеріміз болса кеңес сұрап, ақылдасамыз.
- Тележүргізушісің, бизнесвумен, екі балаң бар, бұның бәріне қалай үлгересің?
- Кішкене болса да, делигировать етеді дейді ғой адам, өзінің міндеттерін бөліп, сол күтушіні жалдаймыз күтуші барып алып келіп жүретін болады.
- Айқынмен ақылдастың ба?
- Әрине ақылдасып айтқан сөзінен біраз нәрсе шешіледі, енді кеңесшім ақыл айтушым сол бәрін рұқсатымен ғана орындай аламын.
Ал, фильмнің продюсері Рано Умарова. Талай жыл шоу-бизнесте жүрген әнші, енді киноиндустрияға бет бұрмақ.
- Продюсер ретінде кино түсіруге ой қайдан келді, идея қайдан келді?
Рано Умарова, әнші:
- В кино я больше хотела, как сценарист о себе заявить. Но так получилось что я пришла со своим предложением к ребятам, они мне сделали встречное предложения.
- Десе де, сіз актрисасыз, фильмде актрисалық қабілетіңізді сынайтын боласыз ба?
- Да, я помимо того продюсер этого фильма, я еще здесь играю, играю я подругу главной героини.
- Фантастикалық фильм, жұмысы өте көп, спецэффектары бар дегендей, қаржы жағынан қаншалықты шығындалдыңыздар?
- Не сказать что это будет прям совсем дорогое кино, но все будет очень красиво.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Танымалдылық, атақ актерларға берілгенімен, площадканың королі – режиссер екені белгілі. Себебі, командаға басышылық ету оңай жұмыс емес. Ал тізгін Әлен Ниязбековтың қолында. Режиссердің өзімен сұхбаттасып көрейік, мүмкін бізге уақыт тауып қалар.
- Фантастика жанры бірінші болады біздің қазақ киносында, тәуекелге бел бууға қорықпайсыңдар ма?
Әлен Ниязбеков, режиссер:
- Риск есть везде, новое создавать это всегда классно.
- Фильмнің ерекшелігі қандай болады?
- Главная фишка для зрителей, это то как основная философия фильма, как другая цивилизация смотрит на казахов. Мы глазами другой цивилизации.
Гүлдана Мұқан, тілші:
- Өзге ғаламшарлық жігітті өмірде көрмесеңіздер де, алдағы уақытта кинодан көретін боласыздар. Ал, біз өз кезегімізде түсірілім жұмыстарына сәттілік тілейміз.