Нұртас әулетіне тағы бір келін! Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы Заңғарды Шымкенттік Жібек есімді қызға үйлендірмек. Бүгінде екі жақ тәтті шәй ішіп, той мәселесін ақылдасқан көрінеді.
Айдана Мәулен, тілші:
Менің жанымда бүгінгі күннің басты ньюсмейкеры – Заңғар Нұртас!
- Сәлем, жақында біраз ақпараттық порталдар «Заңғар үйленеді» деген жаңалық шығарды. Бұл қаншалықты рас?
Заңғар Нұртас, әнші:
- 100% рас, шынайы ақпарат!
- Ммм, мұны естіп отырған қыздар, Заңғардың басы енді бос емес... Болашақ жарың туралы айтып берсең?
- Жүрегімнің жартысы Жібек деген қызым. Келіншегіммен 9 жыл жүрдік. Қытайда бірге оқып бастадық. Сол кезден бастап бір-бірімізді танимыз.
- Араласып жүргендеріңе 9 жыл болыпты, иә? Неге үйленуге асықпадың?
- Өйткені, Қытайда оқып келген кезде Аян ағам үйленіп кетті. Сол моментті күттік, одан кейін айырылысып кеттік. Енді қайтадан қосылып, үйленейін деп жатырмыз.
- Фанаткаларым азайып қалады деп ойламайсың ба?
- Неге? Егер, творчествоны жақсы көретін адамдар болса, олар мені әрқашан қолдайды деген ойдамын. Ал, егер білмеймін, жасым 30-ға келіп қалды ғой. Үйленбесе болмайды ғой.
- Ал сен «Альзаби» тобының жігіттерімен тойханада не істеп жүрсің?
- Бүгін кеш болайын деп жатыр. Кеш қонағы ретінде бізді шақырды.
Айдана Мәулен, тілші:
Иә, расымен де тойдың үстіне түскендейміз. Дегенмен, біз бүгін концерттеміз! Қазір дәл осы жерде трендтен түспей жүрген Калифарния, Альзаби, Адам сынды әртістер ән кешін бермек.
- Жігіттер, жалпы тойға шығып тұрасыңдар ма?
«AlZaBi» тобы:
- Жоқ, той емес, в основном, осындай концертный организацияларда, «концертный той», тойлар деппін ғой (барлығы күледі), концертный выступлениялар ғой в основном.
- Тойға қанша гонорар сұрайсыңдар?
- Оны менеджерден білесіз.
- Ол сомаға неше ән айтасыңдар?
- Бағасы каждый өзі по-своему ғой. 3-4 өлең болса, гонорар басқа. Одан выше болса, гонорар басқа деген тема ғой.
- Әр әнге әртүрлі ме?
- Аха.
- «Байрағым» әнін желіде ИК-ның соңғы клипімен салыстырып жатқандар көп. Бұған не айтасыңдар?
- Бәріміз бір қазақтың балаларымыз ғой, негізінде, қолдау болса жақсырақ болатын еді, салыстырғаннан пайда жоқ.
- Жігіттер, Заңғар үйленейін деп жатыр екен. Альтаир, ал сен жүрегіңнің жартысын таптың ба?
- Жоқ, тапқанмын, негізі. Сосын айырылып қалғансың ғой. Жоғалтып алдым жарты жолдан.
- Не себеп болды?
- Солай болып қалды, өмір ғой.
- Ал, Аби сіз ше, таптыңыз ба?
- Жоқ, менде болмаған, болмайды пока что.
- Тиктокта соңғы кезде қызық-қызық клиптар салып жүрсіз махаббат тақырыбында...
- Специально ғой.
- Неге?
- Солай болу керек болып жатыр ғой, одним словом.
- Ол да бір контент қой...
- Контент үшін яғни...
- Чисто ради контент үшін ғана емес енді, былай, медийность деген сияқты ғой.
Жеке өмірден бөлек, топтағы жігіттер шығармашылықтарын дамытуға үлкен күш жұмсап жүрген көрінеді. Жарық көргеніне екі-ақ апта болған «Байрағым» әнінен кейін, олар тағы да жаңа тректің шығатын уақытын жариялады. «Мама говорила» атты туындының релизі ақпан айының 21 күніне жоспарланып отыр.