Жұлдыз жанұяларда бэби-бум!

Сообщить о проблеме с эфиром

Белгілі блогер Әсел Асқар күні кеше екінші мәрте ана атанды! Актриса шекесі торсықтай ұл босанған. Атын Айбарыс деп қойыпты. «Салмағы 3292, бойы 52 см. 25 сағат толғатып, өмірге әкелдім», - дейді Әсел желідегі жазбасында.

27 қаңтар күні Сәбит Әбдіхалықов сегізінші рет әке болғанын әлеуметтік желіде сүйіншіледі. «Алланың қалауымен Елубай өмірге келді. Аллаға мың да бір шүкір», - деп жазды актер. Бұл өнер иесінің үшінші некесінен туған екінші ұлы.

Төреғали Төреәлі алғаш рет кенже ұлын көпке көрсетті! Төремұхаммедәлісінің суретін желіге жүктеген жұлдызға, ақжарма тілектерін жаудырып жатқан жұрт жетерлік. Төрештің өзі болса, «Бұнымен тоқтамаймыз. Жалғасы бар», - дейді.