Әміре көбіне шетелдік конкурстарға қатысады. Барлық байқаудан жүлделі келеді. «Осы сайыстан да үміт бар. Бірақ көштің алдына түсіп, асыра айтқым келмейді. Қажырлы жұмыс істеп жатырмын. Бастысы сүрінбеу»,-дейді өзі.
Әміре, әнші:
– Менің кредом – түзу жүру. Енді мінсізбін деп айта алмаймын. Бірақ бәлкім сырт көз сыншы. Кейбір сәттерде біреудің дұрыс емес сөйлеп көңілін қалдырған кездер бәлкім болған шығар және де қателік жасамайтын адам жоқ.
Әміремен бірге, бір бағдарламада бақ сынап жатқан – Әлішер Кәрімов те бар. Елдегі әріптестері Әлішерге сәттілік тілеп, тақымдарын қысып отырғандарын айтады. Әсіресе Жеңісхан Момышев: «Кәрімов өз бауырым ғой. Бір сахнаға талай шыққанбыз. Оған сенемін»,-дейді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
– Әлішер енді бұрыннан келе жатқан орнықты әнші. Сондықтан қазір Қазақстанда қозғалыс болмай жатыр ғой. Әншілерді вообще өшіріп тастады бізде. Клип түсірілмей жатыр, блогерлар бірінші орында тұр.
Қазан айында бастау алған «Түркия дауысы» жобасында да – Мәриям Думан есімді отандасымыз бақ сынап жатыр. Ол күні кеше екінші кезеңге жолдама алды.
Мәриям Думан, әнші:
– «SuperStar KZ» жобасынан кейін 12-13 жыл бойы, әншілік өнерімде үзіліс болды. Соған қарамастан жүргізуші ретінде, актриса ретінде жұмыс істедім. Дегенмен негізігі қалауым әншілік болғандықтан сахна төрінде ән шырқау болғандықтан «O Ses Türkiye» жобасына арнайы келдім.
Мәриям өнерге баулыған ата-анасына, тәлімгері – Нағима Есқалиева мен қолдау білдіріп жатқан барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Мәриям Думан, әнші:
– Түркия елінен жалынды сәлем жолдаушы отандастарыңыз Мәриям Думан!