Кинотеатрлардың толық ашылуын күтемін! Бұл Нұрлан Қоянбаевтың 1 жыл бұрын жасаған мәлімдемесі еді. Бірақ продюсер ол ойынан айнып, биылдан қалмай қос туындысының тұсауын кесіп жібермек.
Нұрлан Қоянбаев, кино продюсер:
– Желтоқсан айында бұйырса. «Бизнес по-казахски Түркияда» және «I go to school» киноларымыз жарыққа шығады деп айтуға болатын шығар. Бұйырса қазақ тілінде түсірілді. Бесінші бөлім өзі ерекше өйткені, 100 пайыз қазақ тіліне ауыстық. Сондай керемет жаңалығымыз бар.
Жаңа жыл қарсаңында Асқар Бисембин де киносүйер қауымды қуантпақ. Режиссер «С новым годом, девченки», «Суперагент келинка» атты екі бірдей лентасын көрермен назарына ұсынбақ. «Ерекше контент күтіңіздер»,-дейді Асқар.
Асқар Бисембин, режиссер:
– Барлығы той, құдалық деп айтып жатады. Мен ол уақыт өтеді дейтінмін. Әр трендтің өз уақыты болады. Сондықтан жаңашылдыққа ұмтылу ол қалыпты жағдай.
Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов басты рөлді сомдайтын «Розыгрыш по-казахски» картинасы да келер жылдан қалмай, кинотеатрларға жол тартпақ.
Тимур Бақтыбаев, кино продюсер:
– Қорқыныш жоқ ондай. Себебі мен өзім көрдім, кинотеатрларға адамдар барып жатқанын. Ешқандай қорқыныш жоқ екенін. Халық жалпы киноны сағынғанын көрдім. Неге мен тоқтау керекпін. Мен кімді күтемін.
Ал 31-ші желтоқсан күні режиссер Әлен Ниязбеков таспалаған «Моя большая семья» лентасы жарық көреді. Одан бөлек, Жанель Мақажанның қатысуымен «Лаборатория счастья» және «Маша и Дударай» сынды ленталар тағы бар.