Осылайша, Динара Сұлтан туған күнін ерекше форматта атап өтті. Әнші төл мерекесінде келген қонақтар алдына дәмді ас қойып, жанды дауыстағы концертті ұсынды. Кеш меймандары өз кезегінде қуаныш иесін құшақ-құшақ гүлдің астында қалдырды.
Кішігірім болса да, 15-жылдығына орай жеке кешін өткізген Динара бүгінде бақытты. Алайда, әнші кезінде концерт бере алмай, шығармашылығынан қол үзгені үшін күйзеліске түскенін жасырмайды.
Динара Сұлтан, әнші:
– Жолдасымның жұмыс бабымен шетелге кетіп қалатын болдым, кетіп қалдық сол кезде менде әрине творчествалық жаңағы кризис басталды. Өйткені мені сахнадан айтқан кезде сахнадан алып шетелге апарып отырғызып қойды. Болды, пока осылай дегендей. Сол кезде әрине менде күйзеліс болып, өте уайымдадым.
Есесіне, бүгінде Динара шығармашылығында белсенді. Жиі-жиі әндер ұсынбаса да, концерттерден қалмай, шәкірт тәрбиелеп отырған жайы бар. Тіпті, өнер иесі бейнебаянсыз-ақ ел есінен кетпеуге болатынына сенімді.
Динара Сұлтан, әнші:
– Қазір менің ойымша бейнебаяндар трендтен кетіп жатыр. Өйткені сен өзің жеке парақшаң, стриминг басқа да сторис. Сондықтан оның бәрінен жариялай беруге болады. Ол үшін мыңдаған ақша төлеп клип түсіріп керек емес сияқты деп ойлаймын.
Ал Динара Сұлтанның төл мерекесіне «Суперстар.кз» жобасының түлектері түгелдей бас қосты. Жұлдызды патиде өнер өкілдері Динарамен танысқан сәтін еске алып, жылы лебіздерін білдірді.
Жеңісхан Момышев, режиссер:
– Динара ханыммен бірге өлең айтқанбыз кезінде. Бірге бастағанбыз. Туған күні құтты болсын деймін.
Ерлан Әлімов, продюсер:
– 2006-шы жылдың қаңтар айы біз бір полуфиналға түскенбіз бір финалға. Біріншіден ол талант, Динараның дауысы.
Марсель, әнші:
– Самое главное желаю не останавливеться. Проджолжаь в таком же духе.
Лидо, әнші:
– Ой, Динарочка я думаю что ты самых счастливых женщин на этой планете. У тебя есть все. Мы любим тебя, твори, созерцай дальше!
Әсел Сағатова, актриса:
– Мне хочеться пожелать чтобы, вот это ее способность она никогда не пропадало.
Әсел Қалиева, актриса:
– Желаю тебе хорших, больших творческих успехов.