МұзАрт тобының 20 жылдығында шырқаған «Мен сені сүйем» кавері желіге жүктелген сәттен бастап, жұрт жүрегінен орын тапқан еді. «Бұлай танылып кетеді деп ойламадым. Осындай үлкен жауапкершілікті арқалап шыға алғаныма қуаныштымын»,-дейді Айри.
AYREE, әнші:
– Мен МузАРТ тобының репертуарынан мен сені сүйемін деген әнді таңдадым. Қиынға соққан жоқ, себебі менің сүйікті әнімнің бірі.
Каверлері арқылы атағы шыққан – Тұрар Ыдырыс, бұның жақсы бастама, оң үрдіс екенін айтады. «Ескі әнге, өң бергенде тұрған ештеңе жоқ»,-дейді өзі.
2Rar, әнші:
– Кавер деген былай ғой. Дәл сондай ритммен, ешқандай оранжировкаға, ешқандай звуктар қоспай дәл солай шығара салсаң ол – көшірме болады. Кавер деген – сенің нұсқаң. Ол өлеңді басқаша қып көруің керек та. Ол сол кезде кавер болып саналады. Сондықтан сол әнге жаңа дем бере алсаң, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Жұбаныш Жексенұлы да жастардың бұл бастамасын қолдайтындардың қатарынан. Жексенұлының шығармашылығын, жаңа форматта шырқап жүргендер бар екен. «Қарсылығым жоқ. Қуаныштымын»,-дейді өзі.
Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Әміренің Бүркіт болып киімімен айтқаны «Өкінбе сен» өте керемет. Мен енді өте маған мынау көзге жас келетіндей сондай әсер берді, шын мәнінде де. Денең тітіркенеді, мен Әміренің өзіне звондап айттым керемет қой мынау деп.
Сәкен Майғазиев та әріптесінің айтқанына қосылады. «Бұл жастардың жаңа потенциалын ашады. Музыкалық талғамды тудырады»,-дейді Сәкен.
Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:
– Кейбір әндерді әрине кез-келген дүниені өзінің интерпретациясында, өзінің орындауыда, өзінің мәнерінде орындау мүмкін. Бұл кавер версия барлығында болады, рұқсат етіледі музыка әлемінде.
Иә, кавер тректермен трендке шыққандардан: Саддраддин, Колорит, «Made in Kz» тобы бар.