Жаңа жыл жақындаған сайын әншілерге корпоративтерде өнер көрсетуге шақыртулар жиі түседі. Тапсырыстың көптігінен, кей әртістер гонорарын қымбаттатуға шешім қабылдайды. Сондай ниетте жүрген әншінің бірі – Кентал! Әртіс ұсынысқа қарай миллиондап еңбекақы алуға да әзір.
Кентал, әнші:
– Гонорар иә ол заң ғой енді. Заң болғанда осы жаңа жылда баға екі есе көтеріледі.
Ал, Серік Ибрагимов мерекелік кешке шақырушылар карантин шектеулерінің қайта енгізілуінен қорқып, тапсырыстарынан бас тартып жатқандығын айтады. Сондықтан ол: «Гонорарымды көтеріп әуре болмаймын», - дейді.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Біраз жаңа жылдық кештеріміз кішкене кейінге шегеріліп жатыр, сол белгілі себептерге байланысты. Өзімнің нақты бағамда тұрам және қосатын әншілер де болатын шығар енді, десе де қазір халықтың жағдай да ондай бір мәз емес. Сондықтан да шама келгенше өз бағамда тұрып, табатын нәпақамды алып кетсем болды.
Мирас Жүгінісовке мерекелік кештерде өнер көрсетуге ұсыныстар қараша айынан бері толассыз түсіп жатыр. Тіпті, тиімді сомма ұсынса, өнер иесі жаңа жылды үйінен жырақта қарсы алуға да әзір.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Ол енді барлық жерде солай, жаңа жылды бәрінің гонорары әншілердің гонорары көбейіп тұрады. Звандап жатыр, бірақ бәрі қорқып жатыр жабылып қалады деп. Бәрі Алланың қолында, сондықтанда білмеймін. Болса болады, болмаса болмайды. Онда достарммен, отбасыммен қарсы аламын.
Еске салсақ, көп өнерпаздың гонорарына карантин қатты әсер етті. Мәселен, Ерке Есмахан пандемияға дейін еңбекақысын «7 мың доллар» деп бағалап келсе, кейін оны «2 мың долларға» қысқартқан.
Ал Айқын Төлепбергенде жағдай керісінше:
Айқын, әнші:
– Біз кішкене гонорарды көтеріп қойдық. Себебі, той қазір көп та емес, карантин гонорарымызға әсер еткені кішкене өсірдік. Ары-бері шашылмас үшін.
Егер биыл да корпоратив өткізуге рұқсат берілсе, әдеттігедей ең қымбат асабалар тізгінін Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Әділгерей, әншілерден Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа бастары анық.