Сивиді «пластика» тақырыбы шаршатқан. «Менде бәрі табиғаи» деген әнші, мамопластикаға кеудесін ісік жайлағаннан барыпты. «Бұл өмірімдегі тұңғыш операция»,-дейді өзі.
Сиви Махмуди, әнші, актриса:
– Мен мүлдем жүгінбеймін шыны керек бәрі ойлайды ғой, мен боянғандада қазір мысалы менде тонда жоқ та бетімде. Кушон бар ғой корейский кішкене с легка прошлась. Күнделікті тон да жақпаймын. Косметологқа да бармаймын шыны керек. Массажға барып тұрамын. Себебі массаж керек бетке, бетті тарту үшін енді, қан айналым бәрі жақсы болу үшін.
Жылдар өтсе де, ажарын бермейтін актриса – Құралай Анарбекова болса, осы уақытқа дейін бетіне пышақ тигізбепті. Тек косметологтардың көмегіне жүгінгенін айтады. Десе де, Құралай өнер жолында талай құрбандыққа барыпты.
Құралай Анарбекова, актриса:
– Мен барлық жасаған заттарыма өкінбеймін. Тек қана шашымды қозғағаныма өкінем ғой осы күні. Өйткені «Ва-банктан» кейін өздеріңіз білесіздер менің шашым сары болған. Одан кейін орнына қайта келтіру өте қиын болды.
Ал Жарқынай Ханайым болса, саналы түрде ота жасатуға әзір. Актриса бала кезден, пұшық мұрынын түзетуді армандапты. Тіпті, қазіргі таңда қаражатын да түйіп, дайындап қойған екен.
Жарқынай Ханайым, әнші, актриса:
– Кішкентай кезімнен мұрнымның пішіні ұнамайтын. Енді бізде қазақша мұрын ғой. Енді актриса болғандықтан, мен оның бәрін камерадан көремін және де барлығы жақсы. Бірақ мұрным грубый деп атайды ғой. Жақында бір интервью ма бірнәренің астына жазып қойыпты, мұрныңды өзгертуің керек деп. Сосын бір кісі инстаграмға жазыпты. Өзім ойлап жүрмін енді сол мұрын туралы.
Жарқынай ота уақытын осы желтоқсан айының ортасына белгілепті. Сылқымның экс-әріптесі Балжан Бидаш та бірнеше рет пышақ астына түскені есімізде. Бикеш мұрынын, қабағы мен құлағын жасатқан еді.