Еркебұлан Дайыров таяуда ғана Канныда өткен «World Film festival»-де «Азияның үздік актеры» жүлдесін еншілеген еді. Театр және кино жұлдызы аталмыш марапатты «Подсолнух» фильміндегі рөлі үшін алған болатын. «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атанған Дайыров жүлде алу киногерлерге шабыт беретінін жасырмайды.
Еркебұлан Дайыров, актер:
– Менің қолымда болса, бәріне берер едім. Бәріне бере саламын, өйткені бәрінің еңбегі. Бұл кино деген оңай сала емес, бәрі біледі, қиын шаруа, сондықтан әрбір еңбек еткен азаматтарға өзінің еңбек ақысынан бөлек, бір марапаттап еңсесін көтеріп қоюға болады.
Талай жыл киноиндустрияда жүрген Төлепберген Байсақалов та қараша айында
Лос-Анджелесте өткен Asian World film festival-де «Үздік актер» ретінде танылды. «От» драмасындағы рөлінің арқасында марапатқа ие болған киногер бұған дейін елімізде ешбір жүлде алмағанын айта кеткен жөн.
Төлепберген Байсақалов, актер:
– Шынымды айту керек күткен жоқпын. Неожиданно было для меня, кстати огромное спасибо... Күтпеген марапат болды мен үшін. Айта кетейтін бүгін мені «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі» алғыс хат беріп жатыр, алғыс айтқым келеді.
Алайда «Жас сахна» театрының актері Марат Амираев атақ еншілеу басты мақсат емес екенін алға тартады. Бүгінде «5:32» веб-сериалы арқылы кеңінен танылған өнер иесі үшін көрерменнің ыстық ықыласы маңызды.
Марат Амираев, актер:
– Менің ойымша медаль немесе орден алу басты мақсат емес. Бізге көрерменнің ыстық ықыласы маңызды. Жүлде үшін деп емес, сапалы еңбек ету үшін деп жұмыс істеу керек.
Еске салсақ, отандық киногерлер арасында Қарлығаш Мұхаметжанова, Әсел Садвақсаова, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова сынды актрисалар әлі күнге дейін бірде-бір жүлде алмаған.