Шынтуайтында Айдарбекованың өзі, депрессияны айналып өтуге тырысады екен. Дегенмен: «Ұлдарым мен келіндеріме, ат төбеліндей жыл сахнада жүрген Қайратқа сын сөздің толастамауы, ана жүректі ауыртады»,-дейді продюсер.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Ана болғаннан кейін кейде енді маған тиіскен жақсы да. Ал енді соның бәрін көріп отырып, қара тер, ала тер болып мысалға халыққа бар несін беріп жатады кейде. Соны жоққа шығарып отырған кезде, ойлаймын өзі бір мықты болып тұрып, балама сын айтса болады да. Адам мысалыға бірінші өзін дәлелдетсін, одан кейін барып жұртқа сын айтсын, дұрыс па?
Ал Дариға Бадықова болса, бір-ақ ауыз сөзбен бар мәселенің басын қайырды. Актриса: «Елдің алып-қашпа әңгімесі мен негативке елп етпеймін. Уайым адамды қартайтады»,-дейді.
Дариға Бадықова, актриса:
- Ондайға жоқпын мен. Не көрінді сонша? Өзі бір-ақ рет берілетін өмірді қайғымен өткізіп не көрінді?
Депрессияны дерт көрмейтіндердің тағы бірі – Нұрдәулет Бектұрсын. «Жұрттың алдында жүрген соң, сөз бен көз өтіп кететін кездер болады. Ауырып қаламын»,-деген блогер, бұның да емін тауыпты.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
- Психолог дегендерге бармаймын. Психолог, депрессия дегенді түсінбеймін мен. Мен енді ауылдан келген адаммын. Ондай жоқ бізде. Ондайды білсең бірақ, ойланып қалады екенсің. Депрессия ма деп ше...
Ал экс-юфреймдық Артур Асқарұлы, өз-өзімен жұмыс істеу арқылы ондай ойлардан, психологиялық комплекстерден арылғанын айтады. Десе де блогер кезінде күйзеліске көп түскенін жасырмайды.
Артур Асқарұлы, блогер:
- Шыны керек, есімде жоқ. Жасөспірім кезде болған шығар. Бірақ қазір ештеңеге мән бермеуге тырысамын. Күйзеліске бейім кейбір достарым бар, оларды да әрқашан сергітіп жүремін. Өмір қысқа!