5000 мыңнан астам адам, жобаға қатысу үшін онлайн өтінім берген. Дегенмен ашық іріктеуден тек 150-ге тарта талант өтеді екен. “Биыл ережелерге еш өзгеріс енгізілмейді. Тек мықтылар бағаланады”,-дейді жоба жетекшісі.
Серік Акишев, жоба жетекшісі:
– Бірінші маусымнан кейін және әлемдік гот таланттың ішінде ең ерекше шешімді осы жолы қабылдадық деп ойлаймын. Еліміздің түкпір-түкпірінде іріктеулер өтіп жатыр. Кастингтен өткен барлық қатысушылар Қазақстанға келеді. Атап айтар болсақ Түркістанға.
Өткен жылы әділ-қазылар қтарында: Нұрлан Абдуллин, Гүлнұр Сатылғанова, Ситора мен Аловуддин Абдуллаевтар болған еді. Биыл аталмыш тізімде атақтылар аты өзгерген. Төрелік ететіндер арасына, блогер - Ерболат Жанабылов қосылған. “Халықаралық деңгейдегі алпауыт жобаға баға беру бақыты бұйырғанына қуаныштымын”, - дейді Ерболат.
Ерболат Жанабылов, блогер:
– Шақыру келді. Мен осы шақыруды алдым. Осы жобаны көріп жүргеніме көп болды до блогерства десек те болады. И неге жюри болмасқа дедім. Ұсынысын қабыл алдым. Мен өзім позитивный адам болғасын мен ойлаймын что позициясына қарайтын боламын.
Бәйгеге 10 миллион теңге тігілген. Жарысқа қатысушылардың арасындағы ең егдесі 80 жаста болса, кішкентайы 5-те. Сайыста бақ сынауға келген үміткер Серік Абдухамит бүгін кіл мықтыларға көзі түскенін айтады. Ол: Қорқыныш пен қобалжу басым. Бастысы сын шын болсын”, - дейді.
Серік Абдухамит, қатысушы:
– Иә әрине, ол мен ойлап жатырмын әр конкурсқа қатысқан кезімде мен спортшымын международный соревнованияға қатыстым сол жағынан әр жерде қорқыныш болып жатыр. Ешқашан дайын болмайсың. Қорқыныш бар, біз білмейміз ғой қандай критериямен алады сол участниктарды.
Бағдарлама бес этаптан тұрады. Олар: онлайн-кастинг, ашық тыңдалым, 1/8, жартылай және гранд финал.
Серік Акишев, жоба жетекшісі:
– Бірінші маусымнан айырмашылығы продюсерлік топ, таланттарды тек жоба барысында ғана емес, бағдарлама біткеннен кейін де қолдауға дайын. Негізі көп сайыстарда жеңімпаздарды ұмытып кетіп жатады ғой. Ақтық мәре желтоқсан айына жоспарланған. Жарыс 14 аптаға созылады.