Инстаграм желісі «Reels» функциясын 5-ші тамыздан бастап іске қосқан еді. Қосымша арқылы 60 секундқа дейін креативті видео жүктеуге болады. Желіде ауқымды аудиториясы бар блогер Айым Сейтметова, риллс ТМД елдеріне қолжетімді болған сәттен бастап, бірден мүмкіндігін байқап көрген.
Айым Сейтметова, актриса, блогер:
– Reels негізінде 3 рилсым бар. Бірақ мен оны, әлі ол аса сондай танымал кезде салған болатынмын. Қазір енді «В ногу со временем» енді салу керек. Күшті, бірақ менің ойымша тикток қызығырақ сияқты, рилсқа қарағанда. Мүмкін рилс бір уақыттан кейін, бір периодтан кейін тоже ну танымал болып интересный болатын шығар.
Айымның айтуынша риллстың тиктоктан еш айырмашылығы жоқ. «Бұл функция инстаграмдағы статистиканы көтеруге көмектеседі», - дейді актриса. Бүгінде ННН, Карина Оксукпаева, Арман Юсупов бастаған блогерлер риллсты белсенді түрде пайдаланып жүр.
Ал АҚШ-та инстаграм блогерлерге 1 риллс үшін 35 мың долларға дейін қаламақы төленеді екен. Ол үшін салынған видео 1 млн-нан астам қаралым жинауы тиіс.
Мейірхан Шерниязов, актер:
– Ол басында жақсы охват береді, жақсы мүмкіндік береді ғой. Любой жаңа функция шыққан кезде, бірден жақсы мүмкіндік береді иә.
Бүгінде 50 мемлекетте қолжетімді қосымшаның арқасында инстаграм қолданушылары 4,3 процентке көбейген. Журналист Асхат Садырбай мұндай видео контент қазіргі заманның талабы дейді.
Асхат Садырбай, журналист:
– «X», «Y», «Z» деген ұрпақ бар ғой, біз «Y» ұрпақпыз, 2000-шы жылдан былай қарайғылар «Z» ұрпақ. Олар видеоны таңдайды және видео арқылы, ақпаратты видео арқылы алады. Солай ыңғайлы оларға.
Ал Reels тиктоктың орнын баса ала ма, жоқ па бұл сауал уақыттың еншісінде. Белгілісі, бүгінде риллсты қолдануға қатысты арнайы курстар пайда болуда.