Аii_official-мен Нұрдәулетті жанкүйерлері әліге дейін жұп көріп әлек. Бірақ блогер, жеке өміріне қатысты жұртқа жақ аша бермейді. Бар білгені ішінде. Оның бұндай позиция ұстануына себеп те бар екен.
ННН, блогер:
– Негізі сақтаған дұрысырақ қой. Бірақ білесіз ғой, ғаламторда ереже жоқ. Әркім өзі біледі. Енді главный мақсаттарды аттап кетпеу, артық кетпеу. Сол болса болды.
«Интернетте ақпар тез тарайды» дегенге Жансерік Қадырбаев та қосылатынын айтады. Бұған дейін, блогердің Дамеля есімді арумен серуендеп, бірге тойда жүрген видеолары тарап кеткен еді. «Бәрінің шегі болуы керек. Айқара аша берудің қажеті шамалы»,-дейді ол.
Жансерік Қадырбаев, блогер:
– Біз енді кішкентай ұл-қыздарды, сонымен қатар халықты тәрбиелеп отырғаннан кейін кез келген сторис болсын ол кез келген пост болсын халыққа этика мен эстетиканы дұрыс қолдана білуіміз керек.
Желіге жеке өмірін айна-ашық салатындардың бірі Дархан Жолшыбеков. Бірақ блогер «Бәрін көрсете бере алмаймыз. Бізде де ыдыс-аяқтың сылдырлайтын кездері болып тұрады»,-дейді.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– Қазақша контент болғаннан кейін, жастар көп көретін болғандықтан күндеіктідей сөйлемейміз деп айта аламын. Күнделікті достармен енді былай-былай болып жатады. Бірақ та этика өте қатты сақталады.
Ара-қатынастарын 3 жылға жуық жасырып, кейін шаңырақ көтергенде ғана жұртқа жария қылған Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбектің бүгінде жолдары екі бөлек. Олардың ортақ Назар атты ұлдары бар.
Әсел Асқар да осыған дейін, жарымен түбегейлі ажырасқанын айтқан еді. Десе де Айбек пен Әсел бүгінде бірге. Жақында өмірге олардың ортақ ұлдары дүниеге келеді. Осыған қарап расымен де «Бақыт тыныштықты қалай ма?»,-деп қаласың.