«BTS» кештің нағыз жұлдызы болды десек, артық айтпаспыз! Оңтүстік Корейлік ұжым American Music Awards-тың триумфаторы атанды. Боизбендке үш бірдей мүсінше бұйырған болатын. Оның ішінде анау-мынау емес, «Жыл әртісі» марапаты да бар.
«BTS» тобы:
– Мәссаған! Сене алар емеспіз! Арми көп рақмет! Шыны керек сендер, біз үшін тұтастай ғаламсыңдар!
Ғалам демекші, кейіннен BTS-тықтар тыңдарманды Coldplay тобымен «Менің ғаламым» атты әнімен қуантты.
Сондай-ақ, Эд Ширан «Ерлер арасынан үздік поп-орындаушы» атанса, Тейлор Свифт «Әйелдер арасынан үздік поп-орындаушы» және «Үздік поп-альбом» мүсіншесін иемденді. Бірақ бикеш кешке келе алмай, алғысын үйінде отырып айтты.
Тейлор Свифт, әнші:
– «Фольклор» менің шығармашлығымды ерекше орын алатын альбомдардың бірі. Бағасын беріп, үздік деп танығандарыңыз үшін рақмет! Жанкүйерлеріме, өмірімде боғланы үшін рақмет!
Еске салсақ, кештің жүргізушілік тізгіні Сardi B-ге бұйырған болатын. Алайда, әншінің өзі де жеңімпаздар қатарынан табылды. Рэпер «Үздік хип-хоп ән» марапатын алып қайтты.
Сardi B, рэпер:
– Маған дауыс бергеннің бәріне рақмет! Командама, жанкүйеріме айтар алғысым зор! Рақмет!
Сондай-ақ, Bad Bunny латын орындаушылар арасыннан үздік атанса, соңғы кездері муызкалық чарттардан түспей жүрген Оливия Родриго болса, «Жыл жаңалығы».