Елімізге танымал150-ге тарта блогер, әншілер мен медиатұлғалар ННН-нің туған күнінде қонақ болды. Нұрдәулеттің өзі: «Мега мейрамды ұйымдастыру оңайға соқпады. Қалтадан қаққаны тағы бар. Бірақ бәріне ұнаған сияқты», -дейді.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Туған күнге шамамен 15 мың доллардан көп кетті ақша. Образ қарадым 80-90 жылдағы, ерекше болсын деп. Мен как всегда айтамын, бірінші немесе ерекше.
Нұрдәулет кеш барысында бағалы сыйлықтың атсында қалды. Макбук, ролекс сағаты... Долларлай бергендер тағы бар. Бірақ бәрінен бұрын, блогерді таңғалтқан анасының тартуы еді. Одан бөлек ННН-ге бір досы ойда жоқта, қымбат тон кигізген.
Нұрдәулет Бектұрсын, блогер:
– Айфон 13 про макс примерно 1 миллиондай ақша тұрады ғой. И анамда ондай ақша болу... Енді қайдан алды? Сөйтсем жинаған екен. Қарындастарым, үшеуі қосылып. Бір досым шуба сыйлады. Білмеймін, «1,5-2 миллион тұрады», - деді. Негізі мен қымбат нәрселерді қатты ұнатпаймын.
Ақшалай сыйлығын ала келгендердің бірі – Мерей Абилова. Одан бөлек блогер бикеш, кештің дресс-кодын қатаң сақтағандар қатарынан. «Ерте тұрып дайындалдым. Көбі образымды Мэрилин Монроға ұқсатып жатыр»,-дейді ол.
Мерей Абилова, блогер:
– Ақшалай. Бір отыз мыңдай шығар. Салонға бардым. Сосын pinterest-ке жаздым, ретро стиль деп, қайсысы шықты сол ұнағанын таңдап істедім. Біреуден прямо қайталаған жоқпын, танымал адамнан.
Салтанаттың стилін сақтағандардың тағы бірі – Дархан Жолшыбеков. Блогер second hand аралап, кеш үшін киім іздеген. «Ал не сыйлағанымыз, өз арамызда», - дейді ол.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
– Негізі сыйлықпен келген жоқпыз. Біз өзіміз шешім алғанбыз оны. Он екіден кейін құттықтап. Біз сыйлы қонақ болып келдік бүгін.
Сыйлы қонақ боп келгендердің қатарында одан бөлек 2rar, Садраддин, Қайрат Нұртас та болды.