CFDA Fashion Awards-ты әсемдік әлемінің «Оскары» десек артық айтпаспыз! Фэшн индустриясының ығайы мен сығайын жинайтын бұл шара жыл сайын ұйымдастырылады. Мақсаты – сән саласында көзге түскен жандарды атап өту.
Әр образы ұзаққа дейін фэшн мамандардың аузынан түспейтін Зендая «Сәннің жыл иконасы» атанды. Актриса айтулы кеште қызыл түсті көйлегімен келген. Бұл образды дизайнер Вера Вонг бикешке арнайы әзірлепті.
Зендая, актриса:
– Менің жанымда Иман! Сенің мені танып, жетістігімді тізбелеп бергенің мен үшін қуаныш! Бәріне рақмет! Кезінде сән саласының ең мықтылары иемденген бұл марапатты алу үлкен мәртебе.
Шараға Зендая сынды барын сала дайындалып келгендер көп болды. Арнаулы жолақтан «Игра в кальмара» телехикаясының актрисасы Чон Хо Ён да табылған еді. Одан бөлек, «Ход королевы» сериалының жұлдызы Аня Тейлор-Джой жарқын образымен әріптестерін көлеңкесінде қалдырғандай. Айтпақшы, бикешке Кара Делевиньнің өзі «Жыл келбеті» жүлдесін табыстады.
Аня Тейлор-Джой, актриса:
– Бұл марапат сұлулыққа құштар жаныма шалқар шабыт сыйлары сөзсіз! Менің ұжымыма, менің қолдаушыларыма көп рақмет! Сіздер, менің ары қарай өсуіме себепкерсіздер.
Дизайнерлер ішінен ерлер коллекциясын әзірлеуде Грейс Уэльс Боннер ерекшелене білсе, Демна Гвасалия әйелдер топтамасын ұсынғандар арасынан «ең үздік» атанды.
Еске салсақ, шараның жүргізушілік тізгіні Эмилия Блантқа бұйырған болатын.