Бірақ Сая сәбилі болған соң, бірден бұрынғы шығармашылық ортасына оралуды жоспарлап жүргенге ұқсайды. Актрисаға осы уақыт ішінде бірнеше ірі жобалардан ұсыныс түсіпті.
Сая Оразғалиева, актриса:
– Әзірге ешқандай жоспар жоқ. Себебі жақында сәбиіміз туылады. Жүктілігім жақсы өтіп жатыр. Бірақ босана сала, бірден қалыпқа келіп, киноларыма кіріссем деймін.
Ал «Хомяк» лақап атымен танымал тиктокер – Алина Кимның әзірге Қазақстанда жоспары жоқ. «Алмалы қаланың жасыл аймаққа өткені қуантады. Бірақ мен әзірге контентімді Ресейде түсіремін. Өкіншіке қарай, Мәскеу қазір қызыл зонада», - дейді.
Алина Ким, тиктокер:
– Ұсынылып жатқан қызықты жобалар жетерлік. Осы аптада қайтадан Мәскеуге ұшып кетемін. Ерекше контент түсіруді бастаймыз. Елге тек осылай келіп-кетіп жүремін енді.
Алинаның артынан Мәскеуге аттанатындар тізімінде «BIP house» ұжымы да бар. Бұл қыз-жігіттерге де ТМД-ның алып шаһарынан келелі ұсыныстар түсіп жатқанға ұқсайды. «Мәскеу де, Алматы сияқты ашылып кетеді деген үміттеміз», - дейді хаус мүшесі Диас.
Диас Алпысбаев, тиктокер:
– Жақында Мәскеуге ұшамыз. Жоспар жетерлік. Кететін сәтті қатты күттік. Балалардың Алматыда жұмыстары болған соң кешеуілдетуге тура келді.