Бірнеше ай бұрын үйленген – Қабдол келіншегін көз бен сөзден сақтағысы келгендіктен жұрттан жасырыпты. Бірақ әзілкеш әліге дейін әйелінің суреттерін желіге жүктемейді. Оның себебі де бар екен.
Қабдол Тілеков, әзілкеш:
– Ол андай ғой, адам өзі не хочет көрінгенге. Көрінбейсің, жоқ емес. Өнерге қатысы жоқ әйел адам да, сондықтан қалай бар, солай жүрміз.
Ал Олжас Әлжан болса, бәрінің ашық болғанын құп көреді. Актер келіншегі Айназбен қыз бен жігіт болып жүре бастаған сәттен, бәрін айна-ашық көрсеткен. «Жарын жасырып, хайп жасайтын дәуір өтті ғой»,-дейді ол.
Олжас Әлжан, актер:
– Мен негізі жеке өмірімді инстаграмда бәрі біледі. Үйленгеннен бастап, соңына дейін. Қазір әйеліммен видеолар салып жатырмын. Ондай бір қатты жасырып жатқан жоқпын. Бірақ бір кездері қатты бір артық заттар салмаймын.
Жаңа жанұясын жасыратындардың қатарында – Мұрат Қожа бар. Оған себеп те жоқ емес. Кезінде екінші рет шаңырақ көтергенде, жұрттың: «Үш баласы мен әйелін тастап, жас қызға үйленіп кетіпті»,-деп шулағаны есімізде. Бірақ өзі: «Өмір біз ойлағандай емес екен. Оның үстіне қазір елдің қысыр әңгімесі азайды»,-дейді.
Мұрат Қожа, әнші:
– Басында елдің бәрі мені талқыға салып, әйелінен ажырасып кетіпті, үш қызын тастап кетіпті деп. Үш қызыммен араласамын, аллаға шүкір. Бәрімен жақсымын.
Сондай-ақ, жеке өмірін жасыратындардың тізімінде: Әсел Сәдуақасова, Әсел Сағатова, Мақпал Исабекова, Қайрат Түнтеков, Әли Оқапов бар.