Бүгінде мобилографтардың дәуірі жүріп тұр десек артық болмас. Креативті фото мен видео жасайтын мамандар, сағатына кем дегенде 20 мың теңгеден аз алмайды. Бүгінде әр жұлдыздың жанынан мобилографты көру қалыпты құбылысқа айналғандай.
Блогерлер үшін де арнайы мамандардың көмегі ауадай қажет! Мәселен, Дархан Жолшыбеков ерек контентке бола, кәсіби команданы айлыққа жалдап алған.
Дархан Жолшыбеков, блогер:
- Менде зарплатада адамдар бар. Өзіміздің видеограф бар, бірақ ол телефонға түсірмейді кәдімгідей камераға профициональный солай түсіреді, ол вайндарға там, Құдай қаласа ютуб бастайын деп жатырмыз соған тағы да үлкен команда жинап жатырмыз.
Инста оқырманымен күніне 24 сағат бойы байланыста жүретін блогер Разия болса, парақшасын смм-ге тапсырғысы келеді. Алайда, Разиюша аккаунтын өзгегенің жүргізе алатындығына күмәнмен қарайды.
Razziyuwa, блогер:
- Неге бәрінде сондай мінсіз, күшті контент, ал менде неге олай емес деген ойлар болатын. Кезінде өзіме СММ маман алғым келген. Сосын, өз парақшамды өзімдей ешкім жүргізе алмайтынын түсіндім.
Бұл орайда, әншілер де блогерлерден кем түспейді. Шоу-бизнес өкілдерді әдемі пост үшін өзгеден кеңес алуға әзір. Әсіресе әнші Серік Ибрагимов кәсіби көмекшім болмаса да, әріптестерімнен көргенімді жасап, трендтен қалмауға тырысамын дейді.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Жоқ контентіме көмекшім жоқ. Бірақ жол сілтеп, осылай-осылай жасаған дұрыс деп айтқан блогер достарым інілерім болды. Бірақ бәрін енді шама келгенше өзіміз істеп салуға тырысамыз.