Әнші Әділхан Макин мансабын ресейде жалғастыра ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әділхан «Ресей дауысы» байқауында Алла Пугачеваның «Не отрекаются любя» хит әнін сәтті шырқап шықты. Оның орындауы мен өнерін композитор Александр Градский жоғары бағалап, талантымен таңқалдыра білгенін де жасырмаған еді.

Әділхан Макин, әнші:

Менің таңдауым Александр Градский. Неліктен қазір айтамын. Ол қазылар алқасындағы ең үлкені, ол өте ақылды адам, академиялық базасы бар. Ал бұл вокал үшін фундамент сияқты ғой. Егер маған 4 тәлімгердің бәрі бұрылса да, мен бәрібір Градскийді таңдаушы едім.

«Келесі кезеңге дайындық қызу», - дейді Макин. Бірақ, Әділхан байқаудың шарты бойынша әзірге қандай композиция таңдағанын құпияда ұстамақ.

Әділхан Макин, әнші:

– Көңіл күй керемет! Мен ол жақта қандай ән орындайтынымды айта алмаймын. Конкурстың бірінші кезеңінен де жоғары деңгейде орындауға, әрі сіздерді қуантуға тырысамын.

Сондай-ақ, сәтін салса Әділхан өзінің мансабын Ресейде қалып, жалғастыруы әбден мүмкін.

Әділхан Макин, әнші:

– Шығармашылығымды Мәскеуде жалғастыру туралы әлі нақты айта алмаймын. Мүмкін ұсыныстар түсіп қалар, мүмкін мен жәй ғана өз қалауыммен жүре берермін, импровизация жасап. Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан оны күліп еске алу керек.

Әділхан Ресейде өмір сүру Қазақстанмен салыстырғанда қымбат екенін айтады. Бірақ өнерпаз шетелде бос жүрмей, концерттерге шығып, қосымша табыс тауып жүр екен.

Әділхан Макин, әнші:

– Мәскеуге келген адамдардың барлығы білетін шығар, мұнда Қазақстанға қарағанда барлығы қымбат. Бірақ, соған қарамастан мұнда қызық, өзінің бір ғажабы бар. Жұмыс бар, концертке, мерекелік кештерге шақыртулар түседі. Еңбектену арқылы нанға, майға, сүтке ақша тауып жүрміз.