Еркеш Хасен әуел баста үйленуге ұсынысын өзінің туған күнінде жасамақ болған екен. Бірақ әнші аяқ асты жоспарын өзгертіп, 1 тамыз күні сүйген қызы Айгерімге сөз салыпты.
Еркеш Хасен, әнші:
– Енді мен эмоциямен бардым деп айта алмаймын тіпті, ұсынысқа, өзім кәдімгідей асықпай, үйден ойланып бәрін, 7 ойланып 1 кесіп сөйтіп жасаған ұсыныс. Балалар негізі 16 тамызға дайындалып жүрген. Онымен мен 1 тамыз күні ұсыныс жасадым.
Еркештің үйленуге тезірек шешім қабылдауына ағалары өз үлесін тигізсе керек. Бауырлары әнші інісіне: «Сезіміңе сенімді болсаң, жылдам іске кіріс», - деп қолқа салған.
Еркеш Хасен, әнші:
– Бірақ менің осы күнге дейін ең алдымен өзімнің жеке ойым өзім ұсыныс деген нәрсеге өзім ойланып мың толғанып бардымғой енді. Бірақ алдымда ағаларым бар өзімнің. Ол кісілер кішкене 30-ға жақындап үйленген. Сол кісілер айтты ақылын.
Еркеш Хасеннің жүреген жаулаған Әйгерім есімді ару. Оның мамандығы бет әрлеуші. Ғашықтардың бірін-бірі табуына және таныстығына Еркештің жақын досы себепкер болған екен.
Еркеш Хасен, әнші:
– Ол кісі ешқандай өнерге қатысы жоқ. Өзінің кішігірім жасап жатқан жұмысы, кәсібі бар. Ол кісі осы отандық арналардың бірінде визажист болып жұмыс жасайды. Нұрсұлтан қаласында. Сол арнаның бағдарламасына барған кезде сол бағдарламаны жүргізетін досым таныстырды.
Сондай-ақ, Еркештің ата-анасы баласының той жасамай-ақ қойыңдар деген шешіміне қарсы шығыпты. Өнерпаз үйінің үлкені болғандықтан, қуанышты дүркірете атап өтпеуге отбасы көнбегенін айтады.
Еркеш Хасен, әнші:
– Үлкен той бұйырса амандық болып осы бір, карантин жеңілдетілген уақытта бір рұқсат берілсе міндетті түрде. Мен негізі айтқам тойды керек емес деген секілді. Бірақ ол кісілер енді міндетті түрде жасау керекпіз және мен алып жатқан қызым да үйінің жалғыз қызы. Сондықтан ол кісілерге де енді жалғыз қыздарын ұзату керек.
Еске салсақ, бір үйдің жалғыз қызы Әйгерімнің ұзатуы күні кеше дүркірете өтті. Тойда Еркеш сүйіктісіне махаббат әнін арнап, сезімін білдірген болатын.