Тиктокта жиі бірге видео түсіріп, бой көрсететін Таката мен Гузидың жеке өмірі көпке қызық! Тіпті, фолловерлер былтыр Таирдың Нұр-Сұлтан қаласына барып, Гузидің анасымен танысқан сәтінің куәгері болған еді. Алайда «Bip House»-тан басталған махаббат хикаясы туралы тиктокерлер әзірге жұмған ауызын ашпақ емес.
Таир & Гүлзана, тиктокерлер:
– Бізді жанкүйерлердің қосатыны өте қызық әрине, бірақ біз жақын достармыз. Хаусқа дейін де, хаустан кейін де жақсы араласамыз. Барынша жан дүниеміз жақын.
Десе де, жанкүйерлер Таката мен Гузидің «Bip House»-пен қоштаусына келісім-шарттың аяқтаулы емес, арадағы сезім себеп болды деп топшалаған еді. Бір қызығы, блогерлер хаустан кеткенде ғана, оларға түрлі ұсыныстар көптеп түсе бастаған.
Таир & Гүлзана, тиктокерлер:
– Шынымды айтсам өте көп ұсыныс болды. Әсіресе танымал продюсерлерден, хаустардан. Бірақ біз жеке шығармашылығымызды дамытқымыз келеді. Себебі, хауста жүргенде барлығы қатаң қадағаланады.
Енді Гузи мен Таир жаңа трек жазып, өздерін шоу-бизнесте сынап көрмек.
Таир & Гүлзана, тиктокерлер:
– Бүгінде музыка индустриясына бет бұрсақ па деп отырмыз. Сондықтан белсенді түрде сол сала бойынша дайындалып жүрміз. Жақын арада тректерімізді тыңдайтын боласыздар.
Бұған дейін «Bip House»-тың тағы бір мүшесі Sixtyrich лақап атымен танымал Диас Алпысбаев та әншілікке бет бұрған болатын. Блогер таяуда ғана су жаңа трегін жарыққа шығарған еді.