Alzabi тобының көкейінде жүрген не мәселе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір трек бағын жаққан, соңғы екі жылдықта 10 шақты хитты өмірге алып келген AlZaBi тобына деген сұраныс бүгінде жоғары. Жігіттер тыңдарманына арнап тағы бір «Бум» әзірлеп жатқанға ұқсайды.

AlZaBi тобы:

– Студияға барамыз. Тағы бір ән жоспарда бар. Соны соңына дейін жеткізіп, өңдеп шығарсақ бір мықты ән шығайын деп тұр Құдай қаласа.

Қала берді олар жаңашылдыққа да ашық екендерін айтады. Тіпті жақын күнде дуэт жазуға ниетті. Бірақ әзірге кіммнен, қандай әнге екені белгісіз. Себебі: «Материал жоқ», - дейді.

AlZaBi тобы:

– Ұсыныс түссе неге жасамасқа. Көреміз ғой, таңдамаймыз. Чисто от души если келіп, осындай бір жақсы туынды жазайық десе, біз всегда рады. Бізге материал керек қой. Ары қарай өзіміз алып кетеміз.

Қала берді топ «Мәдениет ордасы – Алматыға көшіп келмейсіздер ме?», - деген сауалға ойланып қалды. Жігіттерді Солтүстікте тұсаулап тұрған біраз дүниелер бар екен.

AlZaBi тобы:

– Негізі зона комфортадан шығу керек. Астана біз үшін зона комфорта. Біз өзімізді емін-еркін сезінеміз. Бірақ дос-жаран деген бар. Туыс-туысқандар деген бар. Қимайсың ғой бәрібір Астананы.

Одан бөлек Нұртас әулетінің кенжесі Заңғар, топ құрылған кездегі тыңдарман тарапынан болған хейттен, бүгінде арылғанын айтады. «Уақыт бәрін өз орнына қойды», - дейді ол.

AlZaBi тобы:

– Негізі әр адамға жақпайсың. Сондықтан кім өзіне керегін алып қалады. Кімге керек емес болса, олар қарамайды деген ойдамын. Ал жалпы әр адам баласы өзінің сүйген ісімен айналысу керек. Егер сен қалап тұрсаң, неге айналыспасқа. Ол менің өзім үшін, басқалар үшін емес.