Дәл осы «Бейнең» атты әнімен хит болған жас әнші Нұрланды бәрі «Мәдениет» лақап атымен таниды. Өнерпаз сахналық есімді атасының құрметіне таңдаған екен.
Madeniyett, әнші:
– Көбісі өйстіп сұрақ қояды, неге «Мәдениет» лақап атың ба, оны қалай ойлап таптың деп, негізі ол менің тегім. Фамилия дейді ғой. Есімім Нұрлан, фамилиям Мәдениет. Атамның аты. Неге десеңіздер атамның өзі әнші болған. Өзінің заманында дүркіреген.
«Каспий жағалауы», «Сені маған тәңірдің өзі сыйлаған», «Моя милая» секілді талай хит тректердің орындаушысы Самат та атасының баласы! Себебі, оның жақыны оны Хан деп еркелетсе, азан шақырып қойған аты Самат. Осылайша жаңа есім дүниеге келген екен.
Хансамат, әнші:
– Менің әкемнің атасы Хан деп атаған, сосын сонымен Хансамат деп құрып жіберген болатынмын. Хан немерем деп атайтын-тұғын. Есімім Самат, Хан екеуін қосып Хансамат қылып шығардым.
Ал Дінмұхаммед Нұрланұлы лақап атын ішкі әлемімен байланыстырғысы келген! «Жан-дүнием алуан түрлі», - деген ол никнеймын ерекше етіп, «Алуан» деп қойғанды жөн көрген. Оның үстіне, өнерпаздың өз есімі айтуға қолайсыз.
Aluan, әнші:
– Ойдан-жоқтан шықты. Маған ник нэйм керек болды. Алуан, алуан. Алуан түрлі дейтін сөз бар. Сосын алуан түрлі мен өзімде жаңағы айтсам болады ішкі жан-дүнием алуан түрлілікке жақын да.