Соңғы альбомдарының бірін жарты жыл бұрын шығарған Райм «4 дөңгелектің» мұншалықты танымал болып кететінін күтпепті. «Хит болатынына іштей иланғымыз келді. Бірақ мұндай масштаб күтпедік», - деп ағынан жарылды.
Raim, әнші:
– Халық тыңдайтынына біз сенімді болдық. Бірақ өте қатты қаралымдар болатынына, ондай қатты бір ставка қоймадық деп айтады ғой. Сондай болды.
Әнші тыңдарманына тағы тың дүниелер дайындап жатқанға ұқсайды. Бірақ әзірге оның не екенін жасырын ұстап қалуды жөн көрді. Журналистер қойған «Не әзірлеп жатсыз?» деген сұраққа, қысқа ғана «Сәті келсін» деп жауап қатты.
Raim, әнші:
– Шығармашылықта жалпы бұйыртса бір бірақ айтуға болмайды оны. Болашақта жалпы планда бар. Біздерде Ddrecords-пен тек қана жұмыс істейміз. Продюсері – Данияр Рахметжанов. Продюсер, саундпродюсер. Біздің директор ол – Азамат Балахметов ағамыз.
Райм бүгінде ТМД-мен музыкалық жағдайын жүйелеп алған. Әсіресе монетизация жағын реттеген. Бірақ әнші карантин кесірінен Мәскеуде өтетін концертін кейінге шегеріпті.
Raim, әнші:
– Біз жалпы монитизация сол жақпен. СНГ. Ресеймен. Негізі ол жаққа қарай біздерді шақырған. Үлкен аренаға. Бірақ ол именно карантин кезінде болып қалды да. Сосын бара алмай қалдық.
Арада айтарлықтай уақыт өтсе де, Раймның соңынан: «Артур неге дуэттен кетті?», - деген сұрақ қалмайды екен. Тіпті: «Әріптестер арасында түсініспеушілік болды», - деп топшылайтындар көп.
Raim, әнші:
– Жалпы ол официальный түрде айтылды, инстаграмда жазылды. Барлығы естіді, көрді. Әрине араласамыз. Барлығы жақсы. Тек қана ол өзінің қалауымен сондай шешімге келді.