Әділ Лиян шоу-бизнес өкілдері арасынан TikTok-қа алғашқылардың бірі болып тіркелген еді. Бастапқыда желіде белсенділік танытып, тіпті видеолары рекке ілігіп жүрген-ді. «Мән-мағынасы жоқ трендтер қаптап кеткеннен кейін, тиктокқа деген қызығушылығым басылды», - дейді тележүргізуші.
Әділ Лиян, тележүргізуші:
– Мен тиктокта «musically» кезінен бармын. Басында видеолар түсіріп жүрдім. Карантин кезінде де түрлі транзишндарын оқып, зерттедім. Бірақ қазір тиктокта отыру мүмкін емес! Түсініксіз, мән мағынасы жоқ видеолар қаптап кеткен. Мен ондайды қарай алмаймын.
Шәріп Серік те бұл сервистің белсенді қолданушысы емес! Аталмыш желіге актер «TikTok» туралы жобаға түсетіндіктен тіркелген көрінеді. Десе де, Шаконың видеолары аз уақыттың ішінде 1,5 млн қаралым, 300 мыңнан астам лайк жинап үлгерген.
Шәріп Серік, актер:
– Мен тиктокқа осы сериалға түсіп жүрген кезде бір-екі тикток түсіргенмін. Міне сол, сериалға түсіп жүрген кезде. Болды сол ешқандай тиктоктарым жоқ. Шынымен тикток енді «не мое» ғой.
Бірақ, блогер Батырофф әріптестерінің пікірін қолдамайды. Нұрлан тіпті, өзіне: «Тиктоктағы фолловерлер саны инстаграмдағы оқырманымды басып озады», - деп мақсат қойыпты. Еске салсақ, оны инстада 1,5 млн-ға жуық адам оқиды.
Нұрлан Батыров, блогер:
– Мен әлі күнге дейін тиктокты дұрыс түсінбеймін. Қазір бұл платформаны оқып, зерттеу үстіндемін. Маған өзіме қатты ұнайды. Бұл жердегі аудитория басқа, мүлдем өзге сегмент. Контент ұсынудың өзі бөлек, басқа желіге ұқсамайды. Инстаграм қазір бизнес аккаунт болып кетті ғой, айырмашылығы сонда ғана.
Қазір Батырофтың тиктоктағы оқырман саны 110-мыңға жуықтаған. Сонда да ол аталмыш желінің жұлдызы атану үшін барын салуға ниетті!