Санұржан Сүлейменов бүгінде қомақты гонорар сұрайтын жұлдыздар қатарында. Жастайынан кино саласында жүрген актердың тіпті продюсерлерге қояр талабы да жетерлік. Оған қоса, өнерпаз түсетін әрбір жобаның сценариін майшаммен қарап қана, келісімін береді екен.
Санұржан Сүлейменов, актер:
– Әр проектке әр түрлі. Мысалы өзіңе қатты ұнайтын бір проект болады соған қатысқың келеді. Мысалы бойынша менің менің бір соңғы авторский киноға түскенім, оның алдындағы бір проектің бір күні толықтай гонорар.
«Сержан братан» веб-сериалы арқылы танылған Ербол Әлмұхан да бүгінде сұраныста! «Ауыл хаус» атты толықметрде басты рөлге бекітілген жас актер, продюсерлерден ұсыныс алу кез-келгеннің қолынан келе бермейтініне сенімді.
Ербол Әлмұхан, актер:
– Қиын жағы, мысалы типажный адамдар болады. Оларға оңай. Потому что олар ерекше болады, харизмамен алып кетіп кетеді деген сияқты.
«Ержан Вайнс» ретінде танылған өнерпаз майталман киногерлерге бәсекелес болуының себебін желідегі ауқымды аудиторисымен байланыстырады. Тіпті, жас актердің бекітілген гонорары да бар көрінеді.
Ербол Әлмұхан, актер:
– Ол деген құпия деп анадай... Көптеген актер сүйтіп айтады ғой. Мен жасырмай айтпай-ақ қояйын. Айтпай-ақ қояйын. Иә, барлық актерлер сияқты айтпай-ақ қояйын.
Кәсіби актерлардың нанына бүгінде тиктокерлер де ортақтасып жүр! Бірақ «BIP HOUSE» командасының мүшесі Дәулет Абдулов бұл үрдістен ешқандай әбестік көрмейді.
Дәулет Абдулов, «BIP HOUSE» командасының мүшесі:
– Өзімізді әр саладан байқап көрсек дейміз. Мысалы кино, музыка саласында бағымызды сынап көріп жатырмыз. Себебі, сұраныс бар. Сондықтан барлық жерде жүрсек таңқалмаңыздар.