«iTunes» үздіктерінің қатарынан табыламын деген ой Мирас Жүгінісовтың үш ұйықтаса да түсіне кірмепті. Ал оның осыдан 1 ай бұрын жарық көрген «Зымыран» атты трегі музыкалық платформаның екінші сатысына дейін көтерілген еді.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Мен максимум барса бір «Топ-15»-ке дейін барады деп ойладым. Екінші орынға дейін бардым, бірге барса ғой, барса ғой деп тұрдым да, но новый ән шығып кетті де Jony-дың бірге кетіп қалды, үште болдым. Өте керемет, болашақта одан да биік орында тұрамын деген ойдамын.
Осылайша, Жүгінісов бүгінде тойдан не концерттен емес, әндерін стримингтік сервистерге жүктеп, ақша тауып отыр. Мирас: «Тректы монетизациялауда ең оңтайлысы дистрибьюторлармен жұмыс істеу», - дейді.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Қазір басқа дистрибьюторлармен жұмыс жасап жатырмыз. Ол жақтан түседі. Білмеймін бір примерно 500 мыңдай түсетін шығар.
Әртістің бұдан өзге тыңдарманына айтар жағымды жаңалықтары көп. Мирас алғаш рет өнердегі әріптестерінің бірімен дуэт жазбақшы.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Бұйырса бір қызық дуэт күтіңіз, сосын әдемі ән күтіңіз. Әлі дайын болған жоқ, ондай дуэт ешкіммен жазған жоқпын, құпияда. Клип жақын арада Зымыранға емес, басқа жаңа әнге шығарамыз, әлі шықпаған әнге.
Ал Мирастың кезекті композициясы да «iTunes» тізімінен табылып, қалтасының қалыңдауына септігін тигізеді деген үміттеміз.