Тәуекел Мүсілім тиктокер атанбақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Тиктоктың қызығына кірген Тәуекел тіпті, контент үшін қалтасын жұқартуға да әзір екен. Мүсілім: «Жастар қанша теңге сұраса да беремін, бастысы ортақ тартымды дүние түсіру», - дейді. Мұндай жанкештілікті актер заман талабымен байланыстырып отыр.

Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:

– Заманның талабы десек те, сондай болғаннан кейін көрейік деп бастап көрдік. Ол жерде де уақыт көп қажет екен. Әрдайым түсіріп тұру керек. Би билеп тұру керек. Бір жағынан пластикаға жақсы екен

Біле білсек, бүгінде тикток трендінен қалмай, жастармен жағаласып жүрген танымалдар жетерлік! Олардың көшін Ләйлә Сұлтанқызы, Жазира Байырбекова, Салатанат Бақаевалар бастайды.

Ал креативті жастардан құрылған «Cool qazaqs» тикток хаус мүшелерінің мұндай тенденцияға қатысты өз айтары бар. Ұжымның пікірінше, тиктоктың мүмкіндігін түсінген шоу-бизнес өкілдері өзінен кіші блогерлерге жүгінуге мәжбүр.

«Cool qazaqs» тикток хаус мүшелері:

– Қазіргі жастар тиктокты былайша айтқанда шемішкедей шағып біледі да, не екенін қалай, не трендте екенін деген сияқты. Үлкен кісілер жұмыста, оларға білетін адам керек та, в основном жастар ғой, қазір тиктокта отыратын. Үлкен буынды кісілер жастарға қарап, көмек сұрап сүйтіп бірге түсіреді.

«Cool qazaqs» тиктокерлеріне де әртістер қауымы ортақ коллаборация жасауға жиі ұсыныс тастайды екен. «Бірақ бекітілген прайсты көріп, көбі бас тартады», - дейді хаус мүшелері.

«Cool qazaqs» тикток хаус мүшелері:

– Ең үлкені миллион! Жеке-жеке как минимум рекламалар 200 мың, 150 мың, 300 мың. Ең көбі сол 300 мың болған шығар. Определенный прайс бар, видеоға да байланысты ғой. Қандай видео керек, креативті вообщем видеоға байланысты.

Ал мұндай қомақты қаржыны көп көрген әртістер әзірге өздігінше тикток трендіне ілікпек ниетте!