Мәселен, жақында жанұя құрған, инста жұлдыздар – Дарикорн мен Дархан: «Жас отбасы болған соң үнемдеуге, ысырап жасамауға тырысамыз. Ақша су секілді қолдан сырғып, тұрмай жатыр», - дейді.
Дархан мен Дарикорн, желі жұлдыздары:
– Біз былайынан толтырып үйге азық-түлік алмаймыз. Сосын ет алмаймыз. Үйге шәй іштетін сүтімізді, печеньемізді сондай шәйға заттар аламыз. Бізде по мелочи. Бірдеңе бітіп қалса, Дархан ала келші деп айта саламыз.
Азық-түлікке өзі араласпаса да, ақшасын қалтасынан шығаратын атақтылардың тағы бірі – Айқын Төлепберген. Әнші: «Жұлдыз дүкеннен шыққанда, қолындағы пакеті көбеймейді. Бірақ төлеп жатқан теңгеміз жаға ұстатады», - деп ағынан ақтарылды.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Шыны керек азық-түліктің бағасын білмеймін. Бірақ барған сайын көтеріліп бара жатқанын білемін. Жұлдыз барады. Супермаркетке барады да, кәдімгідей бір корзинаны ойлайды. Сол корзинаның барған сайын қымбаттап бара жатқанын білемін. Бірақ бағаларға қарамаппын.
Ал өмірі аста-төк көрінетін экс-Кешьюлік Элизат Берікова болса, азық-түлік бағасына қатысты базынасын ашып айтты. Әнші екі ұлына зат алуға дүкенге кірсе, әмиянын босатып шығатын көрінеді. Элизат: «Иә, өткен жылға қарағанда, бәрі қымбаттап жатыр», - деді.
Элизат Берікова, әнші:
– Алтын қасықпен тамақ ішіп отырған жоқпын. Жүрегім алтын емес. Мен де адам баласымын. Мен де күніге үйге барған кезде жылаймын, ақшам бітіп қалатын кездер болады. Адам болғаннан кейін өмірде бәрі болады.
Наннан бөлек енді: қарақұмық, жұмыртқа мен шұжық та қымбаттауы мүмкін екен.