17 жасында Садрдадин анасына Алматыдан пәтер сыйлап, көпті таң қалдырған еді. Әнші мұндай жетістікке бозбала шағында-ақ жету үшін қыруар қаражат қажет екендігі жасырын емес. Оның инстаграмдағы 1 постының бағасы жарты миллионды құрайды екен. Блогер «қалай жұмыс істейсің, өзіңе солай табыс әкелесің» деген ойда.
- Ол анандай ғой стабильный емес қой ол нәрсе. Қалай жұмыс істедің. Соған байланысты ғой короче. Несібең ғой сенің былай-ақ айтқанда. *Жарнама құны әртүрлі. * 500 мың теңге.
Бір болайықтың жұлдызды жұбы Әлібек пен Камила да инстаграмда өте белсенді. Бірақ блогерлердің кейбір әріптестерінің жұмыстарына көңілі толмайды екен. Себебі олар «алдымен сапасына қарап алмай, жарнамасының құнын аспандатып қоятындарға таң қаламыз» дейді.
Әлібек Боранбай & Камила Саянова, жұлдызды жұп:
- Көбісі бағаны осылай завышено, өте жоғары қояды. Менің құрбыларым да бар блогерлер, статистикасына асып-тасып бара жатпаса да, сонда да бағалары өте қымбат. Онымен келіспеймін. Сенің жасаған жарнамаң оны ақтау керек.
Инстаграмда 3 млн-ға жуық фолловері бар Айқын Төлепберген «жарнамамның құны жағдайға қарап әрдайым өзгеріп отырады» дейді. Бағасы мың құбылса да әншіге тауар ұсынушылардың қарасы қалың екен. Ал, Айқын көрсетілген қызмет құнын бір сториспен өтей салатын көрінеді.
Айқын Төлепберген, әнші:
– Кем дегенде 200 доллар 150 доллардың несін бір фото салғаны үшін алады! Бартермен, ол кәдімгідей эконом. Қымбат бір бутик болса, әрине оларға қымбатырақ сұрайсың.
Сондай-ақ, жарнамасының құны жарты миллионнан асатын блогерлер қатарында Zheka Fhatbelly, Арман Юсупов, Жансерік Қадырбаев та бар.