Тәуекел Мүсілім – толықметр, телехикая мен жүргізушілікті қойып тиктокқа көшкен. Актер бір айға жетер-жетпес уақытта 30 мыңға тарта фолловер мен 300 мыңдай лайк жинап үлгерген.
Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:
– Заманның талабы десек те, сондай болғаннан кейін көрейік деп бастап көрдік. Ол жерде де уақыт көп қажет екен. Әрдайым түсіріп тұру керек. Би билеп тұру керек. Бір жағынан пластикаға жақсы екен.
Тіпті Тәуекел танымал тиктокерлермен коллаб жасауды бастап кеткен.
Тәуекелден бөлек, тиктокқа оның жары – Махаббат та тіркелген. Ол да атақты жұбайынан қалыспақ емес. Түрлі трендтерге билеп, тамақтардың мәзірімен бөлісіп жүр. Бірақ Махаббат тиктокқа қалаған видеосын сала бере алмайды. Себебі оны қадағалап отырған бірнеше адам бар екен. Оның біріншісі – Тәуекелдің өзі.
Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:
– Өзінің шектеуі бар әрине. Сондай бір шектеу белгілеп қойдым. Осыдан аспасын деген сияқты. – Менің анамның талабы бар. Өте қатты шыға берудің, көрсете берудің қажеті жоқ. Орыстар айтады ғой: «Счастье любит тишину». Сол себептен білу керек жақтарын көрсетеміз. Ал білу керек емес жақтарын көрсетпейміз.
Бүгінде кадр жүзінен жоғалған Тәуекел Мүсілімді, инстаграмнан жиі байқауға болады. Тележүргізуші: «Жұрт жадынан шығарып алмасын деп, желі беттерінен көрініп тұруға тырысамыз»,-дейді.
Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:
– Белсенділікті түсіріп алмау үшін, аптасына кем дегенде 2-3 рет пост жасап тұрамыз. Ал былай күнделікті жиі мынаны істеп жатырмын, ананы істеп жатырмын дегенге әлі уақыт болмай жатыр.
Қазірде атақты актердың басты табыстарының бірі – инстаграм болып тұр екен. Себебі «Той да, түсірілім де тоқтап тұр»,-дейді өзі. «Тек танымал брендтермен жұмыс істеймін» деген Тәуекел, кейде жас кәсіпкерлерге сторис арқылы көмектесіп тұрады екен.
Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:
– Инстаграм арқылы әрине жарнама ұсыныстар түсіп тұрады. Енді біз бәріне келісе бермейміз. Ұсыныс білдіріп жатқан компанияға қараймыз. Мықты, елімізге танымал компаниялар болса, әрине біз олармен сөйлесеміз. Келісімшартқа отыруға тырысамыз.
Бірақ Мүсілім-тегі түгелімен блогерлікке кетіп қалғанын жоққа шығарды. Себебі бүгінде Отандық телехикаялардың біріне образ жасап, дайындалып жүргенге ұқсайды. Десе де, актер үлкен түсірілім алаңын сағынғанын жоққа шығармайды.
Тәуекел Мүсілім, тележүргізуші:
– Енді шығармашылықта карантиннің кесірінен, қазір кинотеатрлар жабық болғаннан кейін кинопроекттер аз болып қалды. Көбісі түсіріп қойып, дайын күйде күтіп отыр. 100 пайыз рұқсат бергенді. Былайша енді тек телевизиялық жобалар болып жатыр. – Әзірше жүргізушілікте жүрміз енді.
Ерек образдарымен ерекшеленіп жүретін Тәуекел, кезекті рөлі қандай болатынын жасырын қалдыруды жөн деп санады.