Кәсіби бокстан былғары қолғап шебері – Жанқош Тұраров тағы жұрт талқысында! Спортшының басы бұл жолы «Сот орындаушыны соққыға жақты» деген желеумен дауға ілікті. Оқиға 4 қазанда орын алған. «Тұрғын үйге жапсарласып салынған нысанды бұзу іс-шаралары барысында, нысан егесі сот орындаушыларды қорқыту мақсатында Жанқош Тұраровты шақырған»,-дейді ведомство.
Бірақ боксшы «РЕВЮ» бағдарламасына берген экслкюзивті сұқбатында, ешкімге қысым көрсетпегенін және арызды қайтарып алу туралы қоқан-лоқының болмағанын жеткізді. «Мен сүрілгелі жатқан үй егесінің жиенімін. Осындай дау болып жатқандықтан, әпкем баласын балабақшадан ала келуімді өтінді. Келсем сот орындаушылар қоршауды бұзып, у-шу болып жатыр екен. Күннің суытып жатқанын айтып, түсінік танытуларын өтіндім. Олар тоқтады. Ары қарай менің қатысым болмады»,-дейді Жанқош.
Жанқош Тұраров, боксшы:
– Жағдайды өз аузыммен түсіндіріп кетсем. Инстаграмға кіріп қалсам, дайрект деген жарылып жатыр кәдімгідей. Заң бәрімізге бірдей екенін білемін. Бірақ адамгершілік деген нәрсе тағы бар. Мынандай қыстың ауасында, әр қазақ «Менің үйімді бұзып жатыр» десе, менің орнымда сіз болсаңыз, сіз де солай жасар едіңіз.
Өнер адамдарын арандататындар көп! Бұл актер – Санұржан Сүлейменовтың пікірі. Санұржан сол үшін үнемі өзін және эмоциясын бақылауда ұстауға тырысады екен. «Бәрін байыппен шешуге болады»,-дейді ол.
Санұржан Сүлейменов, актер:
– Мен ашулану үшін кәдімгідей тырысу керек. – Білмеймін аса қатты конфликтті адам емеспін. Сөйлесуге болады ғой.
Ал әнші Кентал болса, осыдан бірнеше жыл бұрын біреумен ерегессе бітті, жұдырық ала жүгіретін мінезінің болғанын жасырмайды. Тіпті кейін келе, осы әдеті үшін ұялып, өзін сабырға шақыруды үйренген.
КенТал, әнші:
– Мен негізі тез ашуланамын. Бірақ суып кетемін. 03:34 – Жас кезімде ашуланғанда бірден төбелесіп кететінмін. Ер адамбыз ғой. Сондықтан бізде ондай міндетті түрде болуы керек. Бірақ қазір өскен сайын ақыл кіріп жатыр.
EQ тобының экс-солисі – Ескелді Қуандық кезінде мінезінің ауыр болғанын айтады. Бірақ кейін, кісімен конфликтке бармас үшін, бірінші кешірім сұрай салатын болған. «Үйленгеннен соң, әдет те, мінез де өзгереді екен» дейді ол.
Esko, әнші:
– Осыған дейін тез ашуланшақ болдым. Қызуқанды болдым. Бірақ уақыт өте келе білмеймін, өз өзімде успокоение, сабырлық бар. Мен қызуқанды емеспін.
Осы уақытқа дейін адуынды мінезімен ел назарына іліккен жұлдыздардың ішінде: Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, бар.