Шоу-бизнес шатқаяқтағанда, театр тоқтап, той тұралағанда Салтанат Бақаева үйде біраз отырып қалған еді. Бірақ әнші бұған алаңдамайды. Себебі жолдасының кәсібі дөңгелеп тұр екен.
Салтанат Бақаева, актриса:
Финансовый жағын құдайға шүкір, жолдасым бар бүкіл финансты ойлайтын сол кісі. Ал біз неге болса да дайынбыз. Отбасыңмен үйде отыр десе, отырамыз. Өйткені басқаша бұндай ауыр кезеңді жеңу мүмкін емес. Жұмысымыз тоқтайды, әрине. Сол сәттер кішкене уайымдатады.
Ал бойдақ қыздардың қатарын толықтырып жүрген – Индира Еділбаеваның алаңдауына негіз бар. Әнші ару бұған дейін еш кәсіпті қолға алмаған. Тек шығармашылықпен айналысыпты. «Концерттер әлі басталмады ғой. Өзімді әлеужелімен алдарқатып жүрмін», - дейді Инди.
Индира Еділбаева, әнші:
Кішкене қиын болып жатыр, бірақ енді мен үшін менің инстаграмда көптеген видеолар жазып жатырмын. Өзімнің шығармашылығымды істеп жатырмын.
Ал «JUZ» интертейменттің директоры – Ерболат Беделханның карантиндегі есебі түгелі. Продюсер жүйелі жоспар құруды үйреніп алғанын айтады.
Ерболат Беделхан, продюсер:
Жабылатын болса, әрине біз өзіміздің былтыр жасағандай тірлігімізді жасаймыз. Барлығы онлайн болады. Бірақ жұмыс тоқтамайды.
Алматы – әлі қызыл аймақта. Шектеулер шешіліп, қашан карантиндік шаралардың алынып тасталарын танымалдар да тағатсыздана күтіп отыр.