Биткоин – әлемнің кез келген жеріне онлайн аударуға болатын электронды ақша. Қазіргі таңда 1 биткоин 18 миллион теңгеге тең.
Бұның бәрінен «Ринголық» Данияр Өтеген хабардар. Әнші кезінде осы дүниеге сенбегеніне қатты қынжылатын көрінеді. Өнерпаз: «Арзан кезде алып қалу керек еді»,-деп ағынан ақтарылды.
Данияр Өтеген, әнші:
– Өзім оған кірген жоқпын. Бірақ шыныменде ол шыққанда мен оны болып кететін нәрсе деп ойлаған жоқпын. Бірақ қазір уақыт көрсетті. Менің достарым бар. Кезінде 1-2 биткоин алып қойған деген сияқты. Солар ақшасын біраз көбейтіп алды. Сондықтан қазір биткоинның бағасы өте қымбат. Бірақ одан кейінгі криптовалютаның өлшемдері бар. Соларды мүмкін алып қоямын ба деген ойым бар.
Ал электронды ақшаның атағы аспандағанда, оны ойланбастан бартерге алғандардың бірі – Марғұлан Әден. Бірақ өкінішке қарай блогер, сайттың құпиясөзін ұмытып қалған. «Қазір қарап отырып миллионер болатын едім»,-деп өкінеді ол.
Марғұлан Әден, блогер:
– Иә, криптовалюта дегенді білемін. Бізде криптовалюта болған. Сосын біз оның парольін ұмытып қалғанбыз. Осыдан 4 жыл бұрын болған бізде. Бір примерно сол кезде теңгемен 200 мың теңгедей бар еді.
Блогер Дәулет Есенбайұлы да криптовалюта мен биткоин жайлы бір адамдай-ақ білетін болып шықты. Бірақ Дәке: «Әзірге электронды ақшаны иегере алмайтын сияқтымын. Оның үстіне қымбаттап та кетті»,-дейді.
Дәулет Есенбайұлы, блогер:
– Ол жерде акциялармен ғой көбінесе проценттермен. Түнгі 3 пен 4,5-терде жасалатын жұмыс қой ол. Күндіз жасалмайтын жұмыс ол. Сол себептен білмесеңіз вообще керек емес. Но білсең пайдасы өте көп.
Осыдан 12 жыл бұрын 1 биткоин 50 цент тұрды дегенге қазір сену қиын. Десе де, жаһандық жұлдыздардың басым бөлігі қаражаттарын дәл осы платформада сақтайды екен.