Осыдан екі ай бұрын жеке шығармашылық кешін өткізген 2Rar, концертін жарнамалау мақсатында арнайы жейделерді сатылымға шығарған еді! Әнші ұсынған мерчте оның тректерінің сөзі жазылған. Алайда, тыңдарман арасындағы сұраныстың көптігі орындаушыға жаңа идея сыйласа керек.
2Rar, әнші:
– Негізі мен оны сатам деп ойлаған жоқпын. Ол негізі концертке рекламный істелген ғой. Содан кейін көбісі сұрап кетті да. Сосын шығардық.
Әріптесінің бұл қадамы Мирас Жүгінісовке де ой салғандай! Талай хит тректердің орындаушысы атанған ол темірді қызған кезде соғып, танымалдылығын оң пайдаланбақ ниетте.
Мирас Жүгінісов, әнші:
– Негізі ойда болған мен де. Тек концерттерде емес болашақта өзімнің мерчтарыммен мысалға: «25 мен қалай, сүйем, сүйем, 75 дәл солай» деп жазсам адамдарға күшті сияқты. Парный футболкалар. Негізі ойымда бар.
Өз есімін пайдаланып, ақша табуға Айри де қарсы емес! Алайда, әнші бұл іске де үлкен дайындықпен келу керек екенін алға тартады. Барлығын болашақ еншісіне қалдырған өнерпаз: «Тарихта қалатындай дүние жасаймын», - деп отыр.
Ayree, әнші:
– Әрине де ол ойымызда жүр, оның енді уақыты келеді. Себебі оған да уақыт бөлу керек. Себебі былай жәй ғана шығара салу, ақша табу деген оймен емес. Кәдімгідей бір тарихта қалатын жақсы нәрселерді шығарсақ, сондай мақсатпен негізі. Әр жұмыстың өзінің уақыты болады.
Еске салсақ, бұған дейін Ninety one, Ирина Кайратовна сынды танымал топтар өз «мерчтарын» саудаға шығарған болатын.