Элизат Берікованың тұңғышы – Батырхан 3 жаста, ал кенжесі – Рамазан 1-де. Бірақ әншінің сәбилері смартфонды бес саусақтарындай біледі екен. «Телефонға телміртіп қоя алмаймын. Ойнаймыз, серуендейміз. Барынша алаң қылуға тырысамын», - дейді Элизат.
Элизат Берікова, әнші:
– Кішкентай әлі мультик көрмейді. Үлкен балам, ол тамақ ішпейді. Сол баланы алдау үшін, тамақ ішкен кезде мен тамақ уақтысында ғана мультикты қосып беремін. Былай телефонды бермейміз қолдарына.
Әсем Жакетаева да әріптесінің әдісіне жиі жүгінетін көрінеді. Тіпті қызының телефонға уақыты болмас үшін, түрлі үйірмелерге жазып тастаған. «Бала осылай дамиды. Бұндай ортада көп жүру келешекте де өзін тез табуға көмектеседі», - дейді Әсем.
Әсем Жакетаева, әнші:
– Барлық уақытымды, көңілімді бала тәрбиесіне бөлемін. Себебі ана болу ең басты мақсатым, отбасылы болу, ана болу, әрине қызым жан жақты өссін деп, вокал, фортепиано, балет үйірмелеріне барып жүр, оған қоса мектепке дайындығы басталды.
Арман Қоңырбаев та қос қызын қанша еркелеткенімен, телефонға келгенде қатал екенін жеткізді. Тіпті Арман смартфонындағы қосымшаларға түрлі фильтр қойған. «Іріктеу деген жақсы екен. Ютубтан тек балалардың контенті шығады», - дейді.
Арман Қоңырбаев, әнші:
– Әр әке-шеше өзінің бала шағасына жаман нәрсе үйретпейді, ұрсатын болса, тек жақсы болсын деп ұрысады. Біз сөйтіп өстік қой, бізді әке-шешеміз керек.