«Портье: Мальчик на побегушках»! Басты рөлдерді Дәурен Серғазин, Қуат Хамитов, Айжан Байзакова сомдаған комедия 21-ші қазан күні жарық көреді. Продюсер Тимур Бақтыбаев туындының тұсаукесерін бір емес бірнеше рет кейінге шегерген еді. Еске салсақ, киногер бұған дейін пандемия кезінде 2 бірдей фильм ұсынған болатын.
Тимур Бақтыбаев, продюсер:
- Енді тәуекелке барып, осы киномызды шығарып, жаман емес Аллаға шүкір, екі кином да өзін ақтады. Азғантай ақша табыс таптық. Енді сол азғантай тапқанымен үшінші киномызға қайтадан салып, түсіріп жатырмыз. Қорқыныш жоқ.
Дәл осы 21-ші қазан күні Құралай Анарбекованың «Тойхана» комедиясы да кинотеатрлардан көрсетілмек! Танымал продюсер фильмді ұсыну үшін 3 жыл ыңғайлы сәтті күтіп жүрген. Енді Анарбекова картина актуалдылығын жоғалтып алмас үшін ештеңеге қарамай жарыққа шығармақ.
Жылдың соңында сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаев бір емес екі бірдей туындысын ұсынуға ниетті. Жаңа жыл қарсаңында отандық көрермен продюсердің «Бизнес по-казахски в Турции» және «I go to school» фильмдерін тамашалай алады.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
- Желтоқсан айында бұйырса. «Бизнес по-казахски Түркияда» және «I go to school» киноларымыз жарыққа шығады деп айтуға болатын шығар. Бұйырса қазақ тілінде түсірілді. Бесінші бөлім өзі ерекше өйткені, 100 пайыз қазақ тіліне ауыстық. Сондай керемет жаңалығымыз бар.
Нұрланның тың туындыларынан өзге, 31-ші желтоқсан күні режиссер Әлен Ниязбеков таспалаған «Моя большая семья» лентасы жарық көреді. Фильмде
Әсел Сәдвакасова, Гүлнәр Сильбаева, Дина Тасбулатова және Олжас Әлжанов бой көрсетеді.