«Алматы марафоны» биыл оныншы рет ұйымдастырылады!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Алматы марафоны – орталық Азиядаға соңғы 10 жылдықта атағы кеңге жайылған спорт шарасы. Онда кәсіби спортшылардан өзге, әуесқой жүгірушілер де бақ сынай алады. Өткен жылы қала локдаунға түсіп қалғаннан кейін, марафон кейінге шегерілген еді. «Бірақ биыл бақ сынаймын дегендерді, тізімнен сызбаймыз», - дейді орталық директоры.

Иса Қалқа, «Алматы марафоны» жарысының операциялық директоры:

– Дайындық қазір қызып жатыр десек болады. Бұл жылы негізі жоспарда 17 мың адам қатысады деп ойлағанбыз. Бірақ пандемия мен неше түрлі шектеулерге байланысты азырақ болады. Қазіргі таңда 6 мыңға жуық адам тіркелді жарысымызға.

Биылғы мерейтойға орай жүлде қоры артқан. Енді өз қызығушылығыңыз үшін ғана емес, қаражатқа қамданып та әрекет ете аласыз.

Иса Қалқа, «Алматы марафоны» жарысының операциялық директоры:

– «Алматы марафонына» көптеген сыйлықтар дайындадық. Ол 42 шақырымға жылдағыдай абсолюттік біріншілікте марапаттаймыз. Ол әйелдерге де, еркектерге де 600 мың теңге бірінші орынға. Екінші орынға 500 мың теңге және 3-ші орынға 400 мың теңге.

Ал мәреге екі бірдей қатысушы қатар жүгіріп келсе, орындар қалай бөлінеді? Бұл сұрақ көпті қызықтырары сөзсіз. «Алматы марафон» орталығының директоры – Иса Қалқа жауап беріп көрді.

Иса Қалқа, «Алматы марафоны» жарысының операциялық директоры:

– Бүкіл спорт жарыстарында жүгіруден, мынадай сөрелік нөмір болады адамда. Жейдесіне бекітіледі алдынан. Сөрелік нөмірдің артына мынадай чип бекітіледі. Электронды чип, арнайы технология бір секундта бірдей бірнеше адам жүгіріп келсе де ол, миллисекундқа дейін санап береді. Кім жеңімпаз болғанын анықтайды.

Жыл сайын «Алматы марафонына» атсалысатын атақтылар да жетерлік. Олардың ішінде – Нұрлан Қоянбаев та бар. Бұл продюсердің ұзақ қашықтықта алғаш жүгіруі екен.

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

– Шыны керек, оңай болмады. Бұл менің 10 шақырымға жүгірген алғашқы шарам. Бірақ қызық болды.

Бірде бір марафонды қалдырмайтын жұлдыздардың қатарында Айсұлу Азимбаева, Чингиз Капин, Айнұр Ілиясова, Макс Акбаров, Данияр Алшыновтар бар.

Жүгіру жарысына қатысу құны: 10 шақырымға 7, 21 шақырымға 8, 42 шақырымға 9 мың теңге екен. Бөлінген қаражаттың жартысы жарысты ұйымдастыруға жұмсалса, қалағаны қайырымдылыққа кетеді. Марафон 26 қыркүйек өтеді. Старт Республика алаңынан басталмақ.