Блогерлер, инста-ұстаздар, фейсбук-кеңесшілер көбейген заманда кімнің сөзі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін әрең ажыратасың. Миллиондаған оқырманы бар блогер Марғұлан Әден: «Аудиторияға айтылған ақпараттың шынайылығына аса мән беру керек», - дейді.
Марғұлан Әден, блогер:
– Бізге адамдар қарап отырғаннан кейін, бізді тыңдап отырғаннан кейін, қаншама адамдар, біз оларға дұрыс направления беруіміз керек. Олар біздікін түгелдей қайталамаса да, а осы дұрыс екенғой деп істейді да, сол үшін максимально дұрыс емес нәрсені көрсетпеу керек.
Қадырбаев Жансерікке «роднойлары» қатты сенеді. Жауапкершілікті сезінген блогер, өзінің аудиториясын ақылмен басқаруға тырысады.
Жансерік Қадырбаев, блогер:
– Халықты былайша айтқан кезде жаман нәрсеге пропаганда жасап оларды жаман жаққа итермелемеймін.
Әдетте қоғамда қызу талқыда жүрген «Вакцина», «Дезинфекция», «Малдың қырылуы» сияқты тақырыптарға желі жұлдыздары жиі жазба арнайды. Мәселен, Разиюша блогерлердің қандай да ақпаратқа қатысты ойын ашық білдіруінен әбестік көрмейді.
RAZZIYUWA, блогер:
– Негізі мен ойлаймын блог нужен для того чтобы выражать свои мысли, выражать свое мнение, так что если они хотят об этом говорить пускай говорит, главное ешқандай зияны болмаса болды.
Әрине, жұлдыздар не жазса да өз еркі. Ал танымалдар таратқан ақпараттарқа сену-сенбеу, оны тексеріп алу оқырман еншісінде.