Карантиннен кейін елімізде «той бизнес» тұралап, «концерттер» тоқтап қалғаннан кейін, әншілерге жаңа музыкалық терминдермен танысуға тура келді. Олар енді дистрибуция, мерч, стриминг, лейбл арқылы да табыс табуға болатынын түсінгендей.
Біраз тойхананың кілемін «жаяулатып» шаңдатқан Серік Ибрагимов те, әндерін монетицазиялауды жоспарлап отыр.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Соған барлығымыз секірдік қой негізі, басында тегін жүктеп алып, тегін тарату деген нәрсе болады. Қазір уже цифровой нәрсеге көшіп жатыр. Себебі батыстың барлығы, көршілес Ресей, Қырғызстан дейміз, барлығы баяғыда секіріп кеткен екен ғой сол жаққа.
Қазіргі таңда, музыканттар «Apple Music», «Spotify», «iTunes» сынды платформаларға тректерін жүктеп, қаржылай пайда көре алады.
Әміреге дәл осы «Қыздар-ай» хиты стримингте үлкен танымалдылық алып келген еді. Музыкалық чарттарда топ жарған әнші, енді тректерін тек онлайн-сервистер арқылы таратпақ.
Әміре, әнші:
«Soundcharts» музыкалық платформасының зерттеуі бойынша, «Apple Music» бір стрим үшін әншілерге 0,0056 доллар төлейді екен. Мәселен, Моргенштерннің «Легендарная пыль» альбомы 2,5 айдың ішінде 600 млн тыңдалым жинап, ресейлік рэперге 12 миллион рубль табыс әкелген.
ZaQ, әнші, «ninety one» тобының мүшесі:
– Мына тұрған Ресейде ол нәрсе жұмыс істейді. Соның арқасында авторлар сахнаға шықпай-ақ жақсы өмір сүре бере алады, жақсы ән жазса. Ал бізде не сахнаға шығасың, не контракт жасайсың, не тойға барасың, үшеуінің біреуі. Бірақ әнің үшін сен ештеңе алмайсың. Өйткені бізде пираттылық бар, тағы басқа бар. Адамдар ол нәрсеге төлеу керек деп ойламайды.
Сондықтан, бұл күндері отандық әртістер стриминг арқылы пайда табу үшін, Қазақстан ғана емес шетелдік чарттарға да шығуы тиіс. Мәселен, «Roses» трегімен танылған Иманбек, сервис арқылы 55 миллион теңгеден астам пайда көрген.