Отандық жұлдыздар карантин жеңілдетіле сала, шығармашылықтарын мықтап қолға алғандай. Тіпті, өнер өкілдері келер жылға түрлі жоспар құрып, оны жүзеге асырмақ ниетте. Мәселен, Жахан Отарғалиев өзінің фильмін таспаламақ.
Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:
– Қазақстандағы белгілі продюсерлардың 60 пайызы хабарласты ғой. Келесі жылға ұсыныстар білдіріп жатыр, кейбіреулеріне мен өзім барғам кезінде мені қабылдаған жоқ. Солардың өздері звондаған кезде мен кәдімгідей Аллаға шүкір деп қаламын да. Бәлкім білмеймін енді қолдау болып жатса қазір енді өзімнің де киномды шығарып қалармын.
Еске салсақ, Жахан тырнақалды туындысын таспалау үшін, үйін сатуға қойды. Отарғалиев сынды үлкен экрандарға толықметрлі картинамды ұсынамын дегендердің тағы бірі – Самат Қазмағамбетов. Бүгінде тиктокер атанған Тико хаустағы қызықтар жайлы фильм түсіруді жоспарлап отыр.
Tiko.xo, тиктокер, музыкант:
– Кино жалпы алдағы уақытта тикток туралы болады. Сол бағанағы сол движуха ғой. Тикток ешкім түсірмеген де ондай нәрсе, хаустың ішіндегі бытавуха қалай. Бастапқы пландардың алдында болған. Бізде тек қана тикток емес, музыка, кино әртүрлі нәрселер бар.
Ал Ақбота-Нұр болса, биыл шетелдік кинонарықты бағындырмақ ниетте. Актриса түрік туындыларында төбе кеөрсеткісі келеді. Сейітмағамбет-тегі ол үшін Түркия елінің продюсерлік орталықтарына портфолиосын жіберіп қойған.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, әнші, актриса:
– Менде өзіндік жеке себептер бар өйткені мен Түркия елінде өзімді жаңа шыңнан жаңа актриса ретінде өзімді танытқым келеді, көрсеткім келеді. «Осындай Қазақстанда актриса, әнші қыз бар Ақбота деген», - деп. Қазір енді түрік тілін жаттап жатырмыз, оқып жатырмын.
Ақбота өзінің актрисалық қырын дамытамын десе, Марсель музыкалық шығармашылығына мықтап ден қоймақ. Карантиннен кейін біраз үзіліс алған әнші осы жылы концерт беремін деп отыр.
Марсель, музыкант:
– Қазіргі сәтте жоспарлан бар концерт беремін деген бұйырса. Кішірігім лайы концерт өткізуді ойлап отырмын. Міндетті түрде жанды дауыста, бэк-вокалмен, түрлі инструменттерді қосып.
Жұлдыздардың жоспарлары жүзеге асады деп сенеміз. Танымалдардың әр қадамы «Ревю» тілшілерінің жіті назарында екенін ұмытпаңыздар.