Жұбаныш Жексенұлы халық әндерін қайта жаңғыртпақ! Талантты музыкант бүгінде дәстүрлі тректерден тұратын альбом әзірлеп жатыр. Өнер иесі осылайша қазақтың ескі әуендерін дәріптемек.
Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Қазір оның барлығы дайын. Менің білуімше бір 3-4 әнге тағы біз жаңа домбыра болғанда тек домбыраның өзімен емес, құрғақ домбыра емес, арасында кішкене сондай бір үйлесетін, дыбыстар қосып, аспаптар қосып жасап жатырмыз.
Ел аузында жүрген туындыларды заманауи бағытта өңдеп шығару – Жұбаныш ағаның идеясы. Ал Жексенұлының жеке кешіне келген көрермен бұл әндерді алғашқылардың бірі болып тыңдады. Сондай ақ концертте музыкантпен бірге ұлы Абик «Jaja band» тобымен бірлесе өнер көрсетті. Бүгінде Әбілқайыр жеке әнші ретінде танымал.
Abik Jeksen, «Jaja band» тобының мүшесі:
- Өзімнің қалаған даже мына музыкаға келгенде де, маған ешқандай шектеу қойған жоқ. Өзім қалаған ісіңмен содан сен рахат алып, еңбегіңнің жемісін көріп, содан сен бақытты болып жатсаң сол ғана керегі деп, мен барлық бастамамам болсын, барлығын қолдайды.
Одан бөлек, музыкант өзінің бұрыңғы хиттерін жаңа нұсқада ұсынбақ. Жексенұлы ескі әндерін жас өнерпаздармен бірігіп орындауға да қарсы емес.
Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Мен жүз пайыз оған екі қолымды көтеріп келісемін. Әмренің Бүркіт болып киімімен айтқаны «Өкінбе сен» өте керемет. Мен енді өте маған мынау көзге жас келетіндей сондай әсер берді, шын мәнінде де. Денең тітіркенеді, мен Әміренің өзіне звондап айттым керемет қой мынау деп.