Әлеуметтік желіде де танымал болу әр әртіс үшін қосымша мүмкіндік! Өнер өкілдері соңғы трендттен қалмай, барлық платформаны бағындыруға тырысады. Соның бірі Жігер Ауыпбаев интернет ақша табудың жолы екенін айтады.
Жігер Ауыпбаев, әнші:
– Көбіне қолданатыным жаңағы инстаграм мен фейсбук. Тиктокқа енді енді қосылып жатырмын, одноклассники деген бар ол жақта да видеолар салатын себебім керек екен. Ол жерде видеоға, әнге монетизация жүреді екен.
Ал Ринголық Әділжан Омаров блогерлік қырын енді youtube-тан байқап көрмек. Әнші құрылыс саласына қатысты видеошолулар түсіруді жоспарлап қойған.
Әділжан Умаров, әнші:
– Ол жоқ жерден келген ой емес. Іздеп жүрген адам басында біздің видеомызды көреді, сүйтіп барып ұнаса барады, ұнамаса бармайды деп полезный канал болады деп ойлаймын енді.
Декреттік демалыстағы Динара Бақтыбаева болса, бұл күндері инстада белсенді. Актриса әлеуметтік желідегі түрлі жобаларға қатысып жүр. Тіпті, өнер иесін бұл күндері блогер деп сшатастыратындар көп көіренді.
Динара Бактыбаева, актриса:
– Мен блогер де, тиктокер де емеспін. Мен ең алдымен актрисамын! Шыны керек, әлеуметтік желіден шаршаймын. Белсенді түрде өміріңді көрсетіп отыру кейде менікі емес секілді.
Әріптесінің сөзіне қосылған Вахит Изимов, блогерлікті өз саласының майталмандары алып жүрген дұрыс деп есептейді. Себебі, актер күнделікті контент ұсыну да үлкен жұмыс екенін мойындайды.
Вахит Изимов, актер:
– Блогер болу күнде бір андай бір контент жасау керек, бірбале табу керек. Менің ойымша қазіргі блогерлар жетеді, көп қой блогерлер, біз басқа жолмен жүрейік кішкене.
Десе де, блогерлікті бірінші орынға қойып, халыққа өнерінен бұрын, өмірімен жақын болып кеткен жұлдыздар жетерлік. Әртістер арасында бұл салаға бет бұрғандар саны артуда. Мәселен, олардың қатарында әнші Серік Ибрагимов, актер Жахан Отарғалиев бар.